СҚО-да мемлекеттік органдардың сегіз басшысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды

СҚО-да мемлекеттік органдардың сегіз басшысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Оның ішінде 5 облыстық және 3 аудандық деңгейде. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ернар Баянғазин «Аntikor ortalyǵy» алаңында өткен онлайн-брифинг барысында хабарлады.

«2020 жылы ведомствомен 99 қылмыс тіркелді, оның 81-і немесе 82%-ы сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша. Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал сомасы 651,5 млн. теңгені құрады, оның 621,2 млн.теңгесі немесе 95,3%-ы өтелді», - деді Ернар Баянғазин.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 6 фактісін анықтады. Шағын және орта бизнестің қызметіне араласудың 12 фактісінің жолы кесілді. Ал мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру саласында 20 қылмыс анықталды.

Спикер әрбір анықталған факт бойынша тергеушілер қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға мұқият талдау жүргізетінін атап өтті.

Мәселен, 2020 жылы 35 ұсыным жолданып, 48 қызметші лауазымынан төмендетілді және босатылды.

Айта кету керек, алдын алу тетіктерін пайдалана отырып, сондай-ақ қылмыстық-құқықтық ықпал ету жолымен сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша жоспарлы іс-шаралар кешенін іске асыру, өңірдегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің деңгейін 6%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив