Жамбыл облысының әкімі тәртіп сақшыларымен кездесті

Жамбыл облысының әкімі тәртіп сақшыларымен кездесті

Аймақ басшысы Полиция департаментінде тәртіп сақшылары және Ұлттық ұлан сарбаздарымен жолықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы өткізілген кеңесте облыстық департамент бастығы Жанат Сүлейменов өңірдегі криминогендік жағдай туралы айтып берді. Оның сөзінше, аймақтағы ахуал тұрақты. Қылмыс деңгейі өткен жылы 30 пайызға төмендепті. Мемлекеттің қолдауы арқасында жыл сайын материалдық-техникалық қамту көрсеткіші өсіп келетінін атап өтті. Полицейлерді Жаңа жылмен құттықтай келе Бердібек Сапарбаев тәртіп сақшыларының күн демей, түн демей атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді.

– Жылдың қалай күрделі, қиын болғанын білесіздер. Сіздердің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде орындарыңыз бөлек. Егер қауіпсіздік пен тыныштық болмаса, елдің арасында ынтымақ пен достық, тұрақтылық болмайды. Елдің дамуы ең бірінші кезекте тұрақтылыққа байланысты, – деп атап өтті облыс әкімі.

Кеңестен соң аймақ басшысына Жедел басқару орталығы көрсетілді. Бұл жерде Тараз көшелеріндегі жағдай соңғы үлгідегі 208 камераның көмегімен бақыланып, тұрғындардың телефон арқылы айтылған шағымдары қабылданады. Қызметкерлердің сөзінше мұнда күніне 500-ге жуық қоңырау шалынады екен. Жедел басқару орталығының көмегімен қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың 70 пайызы ізі суымай ашылады.

Бердібек Сапарбаев облыстық Полиция департаментінің мұражайына да соқты. Мұнда қызмет бабында қолданылатын көліктердің, қызметтік киімдердің бұрынғы үлгілері сақталған. Экспонаттармен танысып болған соң Бердібек Сапарбаевқа 10 жыл бұрын болған лаңкестік әрекет туралы фильм көрсетілді. Естеріңізге сала кетейін, ол кезде мұздай қаруланған лаңкес Тараз көшелерінде ойран салып, біраз адамға ажал әкелген еді. Көшенің қақ ортасында граната жармақ болған оны полиция капитаны Ғазиз Байтасов өз өмірін аямай қандықол қылмыскерді тоқтатқан болатын.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив