Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тарту етті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тарту етті

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет подполковнигі Есенкелдиев Шәймерден Тәжіқұлұлы және департамент қызметкерлері «Сәбилер үйіне» барып, балаларға ақыл-ойын дамытатын құрастырғыш және алғаш қадам басқан бүлдіршіндерге жылдам жүруге арналған ойыншықтар, жаялықтар, бірінші қажетті заттарды тарту етті.

Аталған мекемеде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ақыл-ойының дамуында ақаулықтары бар 1-4 жас аралығындағы 60 бала тәрбиеленуде. 

«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады», - дейді дана халқымыз.  Бүгін  «Сәбилер үйіндегі» балаларға қажетті заттарды алып кеп тұрмыз. Балалар біздің болашағымыз. Балаларымыздың қалыпты өмір сүруі үшін жағдайдың бәрін жасауымыз қажет. Бұл балалар келешекте мемлекетіміздің мерейін асқақтататын азамат болады», - деді департамент бастығы әділет подполковнигі Ш.Есенкелдиев.

Айта кетерлік жайт, қайырымдылық акциясына департаменттің барлық қызметкерлері ат салысып, ақшалай қаражаттарын аударды. 

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив