Жаза өтеу тәртібін бұзған есептегі азаматтар жазасының қалған бөлігін темір торда өтейді

Жаза өтеу тәртібін бұзған есептегі азаматтар жазасының қалған бөлігін темір торда өтейді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД Шиелі аудандық пробация қызметінің инспекторлары сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың , олардың қайта қылмыс жасауының алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Шиелі аудандық сотында пробациялық бақылаудағы екі азаматқа қатысты сот отырысы өтті. Олар  сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған. Пробация инспекторлары олардың бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін сотқа ұсыныс жолдаған.  Сот қаулысымен екі азаматтың бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, сот залынан қамауға алынды. Сот қаулысы 15 күннен кейін күшіне  енген соң,  қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жазасын өтеуге жіберіледі. Сот отырысына  профилактикалық мақсатта есептегі сотталғандар да қатыстырылды.

«Жыл басынан аудандық пробация инспекторларының ескертулерінен қорытынды шығармаған, сот жүктеген міндеттерді орындамаған  пробациялық бақылаудағы 16 азаматтың  бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі,  бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, ҚАЖ мекемелеріне өтеуге жіберілді »,- деді аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Қайрат Байгенжеев. 

Шиелі аудандық пробация қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив