ПРЕЗИДЕНТТІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ ҮШІНШІ ПАКЕТІ ЕҢ МЫҚТЫ АЛДЫН АЛУ ӘСЕРІНЕ ИЕ БОЛАДЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ ҮШІНШІ ПАКЕТІ ЕҢ МЫҚТЫ АЛДЫН АЛУ ӘСЕРІНЕ ИЕ БОЛАДЫ

Агенттік төрағасының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары жалғасуда.

4 желтоқсанда Алик Шпекбаев мемлекеттік органдар, қаржы институттары, табиғи монополиялар субъектілері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өкілдерінің қатысуымен «бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске қажетті барлық қызметтерді көрсету үдерісі орталықтандырылған «Бизнеске арналған үкімет» фронт-кеңсесінің мүмкіндіктерімен танысты.

«Бизнесті қорғау және қолдау – Агенттіктің басты басымдықтарының бірі. Тек биылғы жылдың 10 айында біз 300-ге жуық кәсіпкердің құқықтарын қорғап, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуының 160 фактісінің жолын кестік», - деп атап өтті Шпекбаев.

Одан әрі Антикор төрағасы «Protecting business and investments» жобасы аясында жемқорлыққа қарсы сүйемелденетін «Кублей» және «Квант» облыстық кәсіпорындарының өндірістік үдерісімен және өнімдерімен танысты. Айта кету керек, екі жыл ішінде өңірде жалпы құны 853 млрд теңгені құрайтын жобаларды жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы 22 келісімге қол қойылды.

«Елбасы атап өткендей, экономиканың 60-70% шет елдердегідей жеке қолда болуы тиіс. Бұған қол жеткізу үшін біз жұмыс істеп тұрған бизнесті қорғап қана қоймай, болашақ кәсіпкерлерге жайлы, тұрақты және сыбайлас жемқорлықтан таза кәсіпкерліктің барлық жағдайлары бар екенін және жыл сайын тек жақсара түсетінін көрсетуіміз керек», - деп мәлімдеді инвесторлармен кездесуде А. Шпекбаев.

Агенттік басшысы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде, Сервис және жаңа технологиялар колледжінде болып, сондай-ақ геопорталды дамытуға, мобильді қосымшалар арқылы мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға және облыс әкімдігіне сервистік үлгіні енгізуге белсенді қатысатын «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметімен танысты.

Ата-аналары бас тартқан ерекше қажеттіліктері бар балалар да назардан тыс қалмады. А.Шпекбаев пен қоғам өкілдері Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, олар өмір сүру жағдайымен танысты.

Батыс Қазақстан облысына екі күндік жұмыс сапары азаматтық сектор өкілдерімен, облыс активімен, бизнес-қоғамдастықпен және журналистермен кездесумен қорытындыланды. Оның барысында А.Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзекті новеллалары мен Агенттіктің бір жылдағы жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Кездесу барысында спикер: «Қазіргі уақытта Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларының үшінші пакетін Мәжіліс мақұлдап, Сенатқа берді. Бұл жемқорларға айтарлықтай әсер ететін ең мықты түзетулер. Атап айтқанда, шенеуніктер үшін шетелдік банктердегі шоттарға тыйым салынады, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босату жойылады. Ал құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар бұдан былай лауазымды тұлғалардың басқа санаттарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін көбірек жаза алатын болады», - деп мәлімдеді.

Азаматтық қоғам өкілдерінің негізгі мәселелері тұрғын үй алу, халыққа әлеуметтік жәрдемақы беру, жұмысқа орналастыру және кәсіпкерлікке қатысты болды.

Алик Шпекбаев ауданның әр тұрғынын тыңдап, азаматтардың түйткілді мәселелерін шешу бойынша тиісті жауаптар мен тапсырмалар берді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив