ҚАЖ департаментінде азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті

ҚАЖ департаментінде азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті

2020 жылғы 26 қарашада Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшудегі міндеттерді жүзеге асыру аясында  «ZOOM» интернет платформасы арқылы азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті. Қабылдауға  облыстың түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың ата-аналары, туған-туыстары қатысты. Қабылдауға жазылып, «ZOOM» интернет платформасы арқылы байланысқа шыққан азаматтардың сұрақтарын мұқият тыңдаған Департамент бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Жүніс Әбдіқайыров сұрақтарға нақты жауап берді. Сұрақтардың басым көпшілігі жазасын өтеушілердің қамауға алу күндерін заңға сәйкес есептеу, рақымшылық туралы, сәлем-сауқат жіберу, жаза өтеу мерзімін жеңіл жаза түріне ауыстыру мәселелерін қамтыды. Алдағы уақытта  азаматтардан түскен әрбір сауал бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады.

Сұрақтарына толыққанды  жауап алған азаматтар ризашылықтарын білдіріп, ҚАЖД басшылығына алғысын айтты.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив