Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері екі тонау дерегіне қатысы бар деген күдікті ер адамды ұстады

Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері екі тонау дерегіне қатысы бар деген күдікті ер адамды ұстады

27 жастағы елорда тұрғыны Конституция көшесінде мас күйде бола тұра, би үйірмесінен үйіне қайтып келе жатқан 10 жастағы 2 қыз баланы аңдыған. Көп ұзамай пышақпен қорқытып, ата-анасына хабарлаған жағдайда тыныштық бермейтінін  айтып, олардың біреуінің ұялы телефонын тартып алған.

Сол күні кешке дәл осы көшеде спорт секциясынан үйіне қайтып келе жатқан 14 жастағы мектеп оқушысынан ұялы телефонды тартып алған. Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс туралы полицияға ата-аналары хабарлады.

Қылмыскерді іздеу үшін түр сипаты бойынша бағдар жасалып, Полиция департаментінің жеке құрамына жолданды. Іздеуге қатысқан учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Нұржан Мұстафаев бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған өзінің әкімшілік учаскесіндегі тұрғындардың бірі екенін белгілері бойынша анықтаған. Күдікті тұрғылықты жерінде ұсталды. Қызметкерлер пәтерден пышақ, сондай-ақ, ұрланған телефондарды тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Оның бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ата-аналарға кешкі уақытта үйіне қайтатын кәмелетке толмаған балаларды бірге алып жүруге кеңес береді.

 

Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив