Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде жүргізіледі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде жүргізіледі

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде бірінші вице-министр Марат Шорановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлескен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу мәселесі бойынша кеңес өтті.

Ағымдағы жылғы 16 қарашада бірлескен бұйрыққа қол қойылды. Оның аясында жұмыс тобы 2020 жылғы 17 қарашадан 25 желтоқсанға дейін Министрліктің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізетін болады.

М. Шоранов атап өткендей, денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Біздің азаматтарымыздың әл-ауқатының тірегі ретінде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына мемлекет ерекше көңіл бөледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.А. Бектенов денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің кең ауқымы сақталып отырғанын атап өтті: «Бұған құқықтық статистика мен Агенттіктің «СҚ Фармация», «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» (2020 ж.), Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы (2019 ж.) жүргізген сыртқы талдауларының нәтижелері дәлел бола алады».

Жағдайға толық көз жеткізу үшін орталық органда және келесі жылы екі Комитетте (Медициналық және фармацевтикалық бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау) талдау жүргізіледі.

Сыртқы талдау нәтижелері бойынша жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдар мен іс-шаралар жоспары әзірленетін болады.

«Министрлік ашықтық, айқындылық және объективтілік арқылы денсаулық сақтау жүйесіндегі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және жоюға мүдделі. Сонымен қатар, біз жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз», - деп сендірді бірінші вице-министр.

Жұртшылықты талдау жүргізуге кеңінен тарту оң қырынан атап өтілді. Тексерілетін сала бойынша мәселелер мен ұсыныстар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар туралы мәліметтерді a.karipova@anticorruption.gov.kz электрондық мекен-жайына жіберулеріңізді сұраймыз

Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. 

ЕГЕР СІЗГЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ ТУРАЛЫ БЕЛГІЛІ БОЛСА, СІЗ 24/7 РЕЖИМІНДЕ 1424 CALL-ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСА АЛАСЫЗ.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив