Тергеу мекемесіндегі сотталғандарға пробация қызметі әлеуметтік-құқықтық көмек ұсынды.

Тергеу мекемесіндегі сотталғандарға пробация қызметі әлеуметтік-құқықтық көмек ұсынды.

Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторында жаза мерзімінің аяқталуына 2-3 ай қалған сотталғандарға әлеуметтік –психологиялық көмек көрсету бағытында кездесу өтті. Кездесуге қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Н.Көшекбаев, мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Қ.Олжабаев, аға психолог әділет аға лейтенанты А.Мырзалы қатысты. Кездесу барысында Қызылорда қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Н.Көшекбаев сотталған азаматтарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Пробация туралы» ҚР Заңының талаптарын айтып, түсіндірме жұмысын жүргізді. Пробациялық бақылаудың мақсаты, оларға берілетін әлеуметтік- құқықтық көмек түрлері, түзеу мекемесінен шыққан соң Пробация қызметіне тіркелуі, сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін және мәжбүрлі еңбекті орындау немесе орындамағаны және пробациялық бақылау шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін түсіндірді.
Содан соң, сотталған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы жіті түсіндіріліп,  қажет болған жағдайда медициналық,құқықтық көмекпен қайта білім алуда, кәсіпті игеруде және жұмысқа орналасуда туындаған жағдайлар бойынша көмекке жүгіне алатындығын айтып өтті. Қатысушы екі сотталғанның жоғары,  ал бірінің орта білімі бар болғандықтан, қайта білім алып кәсіп игеру бойынша пробация қызметкері ұсынған  көмектен бас тартты. Өйткені,  бұл азаматтардың  бас бостандығынан айырылғанға дейінгі жеке шаруашылық кәсібі бар болған. Мекеме қамауынан босап шыққаннан кейін сол кәсіптерін әрі қарай жалғастыратындығын айтты.

Кездесу соңында сотталғандар тарапынан сұрақтар да қойылды. Сұрақтардың басым көпшілігі медициналық көмек, мекенжай бойынша және облыс аумағынан шығу төңірегінде сұрақтар болды. Сотталған азаматтар қойылған сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив