Жасөспірімдер қылмыстылығының профилактикасы Жамбыл облысы полициясының бақылауында.

Жасөспірімдер қылмыстылығының профилактикасы Жамбыл облысы полициясының бақылауында.

 

А.ж. 12-18 қазаны кезеңінде облыстың ювеналдық полициясының қызметкерлері кезекті рейдтік іс-шараларды өткізді, оның барысында қаңғыбастығы үшін ІІО-на 121 кәмелетке толмаған жеткізілді, оның ішінде 9 жасөспірім  кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Әкімшілік жауапкершілікке 270 ата-ана және басқа да ересек тұлғалар тартылды. оның ішінде:

- заңды өкілдерінің балаларын тәрбиелеу бойынша міндетін орындамағаны үшін - 2 ата-ана;

- 26 кәмелетке толмағанның түнгі мезгілде көңіл-көтеру орындарында болуына жол бергені үшін 11 кафе-бар және мейрамхана иелері жауапқа тартылды;

- ҚР-ның алкоголь өнімдерін сату ережелерін бұзғаны және темекі мен темекі өнімдерін 21 жасқа толмаған тұлғаларға сатқаны үшін, 5 дүкен иесі жауапқа тартылды;

- 26 кәмелетке толмағанның көңіл көтеру орындарында болғаны және 95 жасөспірімнің түнгі мезгілде тұрғын-үйден тыс жерде болғаны үшін 121 заңды өкіл жауапқа тартылды;

одан басқа ҚР ӘҚБтК-тің басқа баптары бойынша 131 хаттама толтырылды.

ІІО-ның есебіне 6 кәмелетке толмаған, сондай-ақ 3 жайсыз отбасы қойылды.

"Жасөспірімдер қылмыстылығының профилактикасы ПД ЖПҚБ басшылығының әрдайым ерекше бақылауында. Осы топтың күнделікті жұмысы қоғамда құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастырып, сондай-ақ кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қатысты заңсыз әрекеттерді болдырмау және оларды ескерту мүмкін етуде" - деп қорытты ПД ЖПҚБ ювеналдық полиция тобының инспекторы полиция подполковнигі Нүркен Абдуллин.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив