Процеске қашықтан байланысу құралын қолдану сот төрелігіне қолжетімдікті жеңілдетеді.

Процеске қашықтан байланысу құралын қолдану сот төрелігіне қолжетімдікті жеңілдетеді.

Батыс Қазақстан облысының соттарында ағымдағы жылдың 9 айында бейнеконференц байланыс режимінде 16 372 (2019ж 9айда -1302) сот отырысы өткізілді.

Соның ішінде 124 сот отырысы аймақтық соттар мен өткізілсе, 1449 сот отырысы қылмыстық атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) мекемелері арасында, ал 14 799 сот отырысы мобильді нұсқа арқылы өткізілді.

Сот процестеріне қатысушылар жеке себептерге байланысты әр түрлі жерлерде болып, БКБ және «TrueConf» ұялы қосымша арқылы істің тыңдауы жүріп жатқан бір online-конференцияға қосылған.

Қылмыстық істерді қарау кезінде жүйе соттарға оларды әкеп жеткізусіз тергеудегілермен/сотталғандармен сот процесін жүргізуге мүмкіндік береді. Бұрын тасымалдауға қойылатын арнайы талаптарды сақтай отырып, көрсетілген адамдарды жеткізуді ұйымдастыру ұзақ күтуге және бюджеттік шығындарға әкеп соқтыратын. БКБ жоғарыда көрсетілген адамдарды ұстауға және тасымалдауға жұмсалатын шығынды азайтады және қауіпсіздікті арттырады.

Мысалға, Бөрлі аудандық сотында азаматтық істі қарау кезінде аудармашы Ақтау №2 соты арқылы бейнеконференц байланысты қолдана отырып қатысқан, ал қылмыстық іс бойынша куәгер Қарағанды облыстық соты арқылы бейнеконференция көмегімен жауапталған. БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында мемлекеттік сатып алуға адал емес қатысушы және қарызды өндіріп алу жөніндегі істер бойынша, жауапкерлер Алматы және Маңғыстау облыстарында болуына байланысты бейнеконференцбайланыс жүйесін қолдана отырып қарады.

Бүгінгі таңда облыс соттарының 68 сот залы толықтай АБФ жүйесімен жабдықталған. Сондай-ақ, аудандық және оған теңестірілген соттарда Виртуалды сот жобасы іске асырылды.

2020жылдың 9 айында Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен мен Орал қалалық полиция бөлімі арасында видеоконференц жүйесін  пайдалана отырып, 2022 әкімшілік іс каралды.

Облыс бойынша 14 аудандық ішкі істер бөлімінде уақытшы ұстау изоляторларына бейнеконференц байланыс құралдарымен жабдықталды.

Аталған кезең ішінде Орал қаласының тергеу соты уақытша ұстау изоляторынан БКБ арқылы қамауда ұстауға және олардың мерзімін ұзартуға санкция беру туралы Орал қаласының ІІО-мен 190 материал  және ҚАЖД мекемесі 200  іс қарады.

Облыс соттарында 529  іс қағазы электронды түрде жолданып 508-іс электронды түрде тіркелді.

Процеске қатысушылардың келмеуіне байланысты істерді қарау мерзімдерін қысқарту қашықтан байланысу құралын қолдану есебінен сот төрелігінің тиімділігін және қолжетімділігін арттырады.

Нұргүл Қанатбаева Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің басшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив