Әрбір өтініш – қатаң бақылауда

Әрбір өтініш – қатаң бақылауда

 

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асыру аясында Ақмола облысының мемлекеттік органдары азаматтардың өтініштерін сапалы және уақтылы қарауға ерекше ден қояды. Осы мәселе Ақмола облысы әкімінің аппараты орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырған жиынның басты тақырыбына айналды.

Жиын барысында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің ескертулері мен ұсынымдары қаралды.

Өтініш білдіруші азаматтармен үнемі кері байланысты қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов мәлімдеді. Оның айтуынша, өтініш авторларымен кері байланыстың болмауы көбінесе олардың қайта шағымдануына себеп болуда.

«Мемлекеттік органдардың бұл саладағы жұмысы бірыңғай, үйлесімді, формализмсіз және артық қағазбастылықсыз болуы тиіс. Кез келген мемлекеттік органға жүгінгеннен кейін өтініш білдірген азамат қанағаттанарлық жауап немесе проблемалық мәселесін шешу амалдары туралы қолжетімді және түсінікті ақпаратқа қол жеткізуі тиіс» - деп атап өтті Б.Беспалинов.

Айта кетейік, жыл басынан бері Департаментке 197 өтініш келіп түскен, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өтініш мөлшерінің екі есеге төмендегенін көрсетіп отыр. Аталған үрдіс ең алдымен профилактикалық іс-шараларды, оның ішінде Әдеп жөніндегі кеңестің және Мемлекеттік қызметтерді ұсыну мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының алаңдарында алдын алу шараларын өткізумен байланысты.

Сондай-ақ, Департаментпен 38 азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды, олардың 9-ы бейнебайланыс арқылы өткізілді, барлығы 110 азамат қабылданды. Шағымдардың басым бөлігі жер қатынастары, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, сәулет, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету салалары бойынша түсуде.

Жиынның қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту, азаматтардың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін нығайту жөнінде ұсынымдар әзірленді.

Жазира Тоқтар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив