Сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілін енгізу.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілін енгізу.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдау барысында  елдегі  жемқорлықпен күрес мәселесіне тоқталып, Қазақстанда Сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілін енгізілуі керектігін және жемқорлық мәселесіне қоғамды тарту маңызды екенін атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алуда. Жемқорлықтың пай­да болу себептеріне көбірек назар ау­дарылып, алдын алу жұмыстары жүргі­зілуде.

Енді жемқорлыққа апаратын факторларды анықтау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың нормативтік актілері мен жұмыс үдерісіне жемқорлыққа қарсы күрес тұрғысынан арнайы талдау жүргізген жөн.

Сонымен қатар сыбайлас жемқор­лық­пен күрес жауапқа тартылудан қорық­қан шенеуніктерді дербестік, баста­ма­шылдық және жедел әрекет ету қасиет­терінен айырмауға тиіс.

Біз мемлекеттік бақылауға балама ретіндегі қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыруымыз керек. Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сек­тор­дың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатын «Қоғамдық бақылау туралы» заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырамын.

Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыра түсу керек. Оларды сатып алуды ұйымдастыратын комиссиялардың жұ­мы­сына тарту қажет. Сондай-ақ, квази­мемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құру мүмкіндігін қарастыру керек. Пар­ламент қарауындағы тиісті заң жобасын жыл аяғына дейін қабылдаған жөн.

Сонымен қатар Қоғамдық кеңес­тер­дің құрамына түрлі әлеуметтік топ өкілдерін кеңінен тарту қажет. Мысалы, біз мүмкіндігі шектеулі адамдар осындай ұйымдардың жұмысына араласып, өз үндерін жеткізуі үшін қолайлы жағ­дай жасауымыз керек. Олар әрқашан мем­ле­кеттің ерекше назарында болуға тиіс.

Квазимемлекеттік құрылымдардың қаржы-шаруашылық қызметін, бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі мәлі­меттерді және басқа да құнды деректерді бүкіл қоғамға қолжетімді ету үшін бірыңғай ақпараттық ресурс құру аса маңызды болып отыр.

Мемлекеттік органдардың шешімі жөніндегі ақпараттың ашықтығы азаматтық қоғаммен сындарлы диалог орнатуға септігін тигізеді. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі заң жобасын мүмкіндігінше осы сессияның аяғына дейін қабылдау керек.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін енгізген жөн деп санаймын. 2021 жылдан бас­тап мемлекеттік қызметшілердің, де­пу­таттардың, судьялардың шетел банк­терінде есепшотқа ие болуы, қолма-қол ақша және бағалы заттар сақтауына қа­тыс­ты жемқорлықпен күрес аясында жаңа шектеулер енгізу керек.

Мемлекеттік қызметшінің немесе квазимемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда олар қызметінен босатылады.

Құқық қорғау органдары қызмет­кер­лерінің, судьялардың, пара берушілердің және парақорлыққа делдал болғандардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазаны қатайту тұрғысынан Қылмыстық кодекс­ке өзгерістер енгізу керек.

 Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандарға шартты түрде мер­зімінен бұрын босату шарасы қол­данылмайды. Жемқорлықпен ұсталған­дардың мемлекеттік қызметте және ква­зимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салатын қағида қатаң сақталуы керек. Біз сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған адамдар­ды заң жүзінде қорғайтын жүйе қалып­тас­тыруымыз қажет.»

  Бүгінгі қоғам талабы сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға деген талпынысы бұрыңғыданда зор.Сондықтанда Мемлекет басшысының толық қолдауына  ие болып, біз алдымызға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ең пәрменді құралдарды енгізу мақсатын қоямыз. Бұл –экономикалық өсу мен азаматтардың әл-ауқатын арттырудың негізгі шарты деп есептейміз.

И.А. Садыков                         

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық сотының аға сот приставы                                                              

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив