Онлайн - уақытты үнемдейді

Онлайн - уақытты үнемдейді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының Азаматтық - процестік кодексіне, соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. 

Бұл заң ағымдағы жылдың 22 маусымынан бастап күшіне енді.

 Бұл заң соттардың жұмысын заманауи форматқа келтіреді. Еліміздің игілігі үшін қабылданған заңдардың арқасында мемлекетіміз көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз етуге оңтайландыруға бағытталғанын айтуға болады.

Қоғам дамыған сайын қоғамның даму белгісін айқындайтын, оның бағдарын белгілейтін заңдар да жетілдіру үстінде. Сот жүйесі де өкілеттігін адам мен адамзаттың құқығы мен бостандығын қорғайтын Қазақстан Республикасының біртұтас экономикалық және құқық кеңістігі жолында жүзеге асыратын - биліктің дербес, тәуелсіз тармағы ретінде шешуші қадамдар жасап жатқаны белгілі. Республиканың сот жүйесінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі – электрондық сот төрелігін дамыту мәселесі. Қазіргі кездегі еліміздегі карантиндік режим біршама жеңілдегенімен, әлі де болса, қауіпсіздік шараларын сақтағанымыз дұрыс болар. Сол себептен соттарға келіп түскен істерді онлайн режимінде, яғни қашықтықтан қарау өз жалғасын тауып жатыр.

Соттағы онлайн отырыстар – қауіпсіздіктің кепілі болып табылады. Және істерді қашықтықтан қарау тараптардың тікелей сот отырысына қатысуын қамтамасыз етуде қиындық туғызбай, сот төрелігінің тиімділігін арттырып, қарау мерзімін қысқартуға септігін тигізеді. Сондықтан Мұғалжар аудандық соты дыбыс - бейне құрылғыларымен толығымен жабдықталған. Сотта қаралатын қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот отырыстары дыбыс-бейне құрылғысын қолдану арқылы өткізіліп отырады. Сот залындағы дыбыс-бейне құрылғысы арқылы республиканың басқа өңірлерінде тұратын, сонымен қатар басқа елдегі сотқа қатысушы тараптан жауап алу мүмкіндігі бар. Мәселен, аудандық сотпен өткізілген сот отырысының біріне, Ресей Федерациясы, Владивосток облысы, Череповец қаласынан қатысушы тарап тікелей байланысқа шығып, сот отырысына қатысқан болатын. Демек, Виртуалды бейнеконференцбайланысы арқасында сот отырысының қатысушылары бір-бірін көріп, тараптардың дәлелдерін есту мүмкіндігіне ие болды.

Және неке бұзу туралы да азаматтық іс қаралып, сотқа қатысушы сот отырысында жұмыс бабымен Атырау облысы Теңгіз ауылында болғандықтан, өз пікірін бейнеконференцбайланыс арқылы жеке қатысусыз білдірді.

 Демек, істерді қараған кезде бейнеконференцбайланысты қолданудың бірқатар артықшылықтары, олар жоба тараптарға сотқа келу үшін кететін уақытын үнемдейді және қаржысын жұмсамай-ақ сот процесіне толыққанды қатысуға мүмкіндік алады.

Азаматтар ауыл мен ауданның, облыстың арасында жол жүргенде де ешкім төтенше жағдайдың болмысына кепілдік бермейтіні анық. «Денсаулық – баға жетпес құндылық» дегендей, қашықтан сот отырысына қатысу сырқат жұқтырудан сақтайтындығын да айта кету керек. Және қашықтан сот отырысына қатысу мәжіліс залында сақтық шараларын да сақтайды, онлайн отырыста өзіне ыңғайлы жерде, ештеңеге алаңдамай, іске қатысуға кедергі болмайтындығын да айта кеткен дұрыс болар деп ойлаймын.

Сонымен қатар, Мұғалжар аудандық сотында қай іс болмасын тараптар шалғай ауылдар мен басқа облыстардан смартфон арқылы сот отырысына онлайн режимінде қатысып жатқаны тағы бар. Мәселен, қылмыстық істер бойынша «TrueConf» және «Whatsapp» мобильдік қосымшаларын бірдей қолдана отырып, істерді «онлайн режимде» қарау мүмкіндігі болып жатыр. «Whatsapp» мобильдік қосымшалары арқасында сот отырысының қатысушылары бір - бірін көріп, тараптардың дәлелдерінің есту мүмкіндігіне ие болып жатыр.

Азаматтық іc бойынша да жауапкер Ресей Федерациясының Орынбор қаласынан смартфон арқылы сот отырысына онлайн режимінде қатысып, виртуалды бейнеконференцбайланысы арқасында сот отырысының қатысушылары бір-бірін көріп, тараптардың дәлелдерін есту мүмкіндігіне ие болды.

Мақаламды аяқтай келе, соттағы онлайн отырыстар тиімді, пайдалы, қолайлы екенін және уақыт жағынан ұтымды екенін айтқым келеді.

Мұғалжар аудандық сотының кеңсе бас маманы Анар Шекенова

Ақтөбе қаласы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив