Сот беделі-ол халықтың нық сенімі

Сот беделі-ол халықтың нық сенімі

                                                                                  Қолында болса бір билік,

                                                                                  Қарғаға залым болмаңыз.

                                                                                  Алдына келсе бітпес дау,

                                                                                  Әділін айтып қорғаңыз,

- деген екен ұлы жүздің биі Төле би. Иа, бұл деген қай ғасырда, қоғамда болмасын адамның құқықтары мен бостандықтарын әділ қорғап, дау-дамайды шыншылдықпен шешу маңызды мәселе екендігінің нақты айғағы екендігі анық.

Бүгінгі таңда Қазақстан өзін құқықтық мемлекет ретінде жариялай  отырып адамның құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Мемлекетте демократияның басты негізі адамның, жеке тұлғаның құқықтық жағдайы болып табылады.Себебі, ҚР Конституциясында адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп жарияланған. Бұл қағидаттың бұзылуы орын алды деп тапса, әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.Яғни, әр адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтінбарлық тәсілдермен қорғау құқығына ие болып табылады.

         Сот тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың басты кепілі екендігі анық. Сондықтанда, кез-келген тұлға талас тудырған құқықтарын қорғауды өтініп, сотқа жүгінуге бірдей құқылы. Ешкім де оның ісін сотта қарау құқығынан айыра алмайды. Сотта әркім өз сөзінтыңдатуға құқылы.

Адам сот арқылы қорғалу құқығын азаматтық, қылмыстық процестік, әкімшілік кодекстерде айқындалған талаптармен және заңнамамен белгіленген басқа да нысандар арқылы жүзеге асыра алады .

Талап арызбен сотқа жүгінген тұлға ісінің конституциялық құқыққа сай әділ шешілуін мақсат ететіні анық. Дегенменде заңның үстемдік құрғаның мойындамай, сот  шешіміне риза болмай, шағым беру үрдісі азаяр емес. Бұл азаматтардың  өз құқықтарын және заңды толығымен жан-жақты білмеуінің салдары деп ойлаймын. Ұлы ойшыл Аристотельдің «Әлемді заң билеуі керек» деген сөзі бар. Олай болса заң болған жерде және оны терең игерген тұста азаматтардың қалыпты өмір дағдылары және қоғамдағы тұрақтылық пен бейбіт өмір сақталары сөзсіз.

Еліміздің ұстанған ең басты жолы сол қоғамдағы тұрақтылық пен бейбіт өмірді сақтап, құқықтық мемлекет құру, оны одан әрі өркендету. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын міңсіз қорғауда ең негізгі өзектісі сот қызметінің ашықтығы және жариялылығы болып табылады. Елімізде сот төрелігін заман талабына сай жаңғырту жылдар бойы үздіксіз жүргізіліп келеді. Елбасымыздың сот жүйесін дамыту туралы қойған міндетін орындауда бүгінгі таңда сот саласының жұмысы тың серпін алып, сот ашықтығы мен қолжетімділігі арта түсті. Біршама игі істер қолға алынып, жүзеге асырылды.

Айтар болсақ, сот жүйесінің көп сатылығы жойылды, судьялардың кадрлық іріктеу жүйесі жаңғыртылды, судьялар әдебінің жаңа кодексі қабылданды, тараптарды бітістіру рәсімдері мен дауларды соттан тыс реттеу тетіктерін жетілдіру қолға алынды, сот жүктемесі азайтылды, сот актілерін ұғынықты тілде түсіндіру тәжірибесі енгізілді, жаңа электрондық сервистер мен жобалар іске қосылды, сот жүйесінің материалдық базасы нығайтылды, өңірлерде фронт кеңселер ашылды. Бұл батыл қадамдар мен сан-салалы жұмыстар сот жүйесін белсенді дамытудың жаңа қырын қалыптастырып, судьялардың жұмысына тың серпін бергені анық.

Бүгінгі таңда ерекше назар аударуды қажет ететін мәселе бар деп ойлаймын. Ол сот беделін нығайту. Сот беделі-сот шешімдерінің әділдігіне, судьялардың кәсіби біліктілігіне, ұстанымы мен жеке басының адамгершілік қасиеттеріне байланысты қалыптасады.  Соттан әділдік іздеп келген әр адам, билік төрінен ішкі жан айқайын түсініптыңдай, ұғына білетін парасатты, білімді, білікті жанды көргісі келетіні белгілі. Азаматтардың сотқа, судьяның шығарған шешіміне деген сенімі мен үміті нақты осы бастапқы әсерлерден қалыптасатыны анық.

Дана халқымыз «Билік айту-оңай, біліп айту-қиын» екендігін тегін айтпаған. Бұл қай кездеде билердің біліктілігі мен білімділігі халықтың жіті назарында болатындығын көрсетеді. Халық төреліктен адалдықты, әділдікті, заңдылықты, біліктілікті көре білсе сонда ғана сотқа сенімі артып, сот беделі нығайатыны анық.

Тәуелсіз, беделді сот билігі ғана, адам құқығының сақталуының кепілі болады деп ойлаймын. Осы орайда, еліміздің тұңғыш президенті- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам-ең дамыған қоғам» деген қанатты сөзіне сай, сотына сенетін қоғам құру парызымыз болып табылатынын ұмытпауымыз қажет.

 

                                                                              Руслан Демеуов

                                                            Орал қаласының мамандандырылған

                                                              Әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 3

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив