«Отбасылық сот» атты  тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді

«Отбасылық сот» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

 

Жамбыл облысының кәмелетке толмағанадардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Отбасылық сот» атты тақырыбында Жамбыл облыстық сотының судьясы Г.А.Асылбек, отставкадағы судья, билер кеңесінің мүшесі У.К.Кайманова, Жамбыл облысы әкімдігінің әйелдер істері және отбасы-демографиялық  саясат жөніндегі комиссия хатшысы З.М.Тургынова, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы У.С.Сламбекова, Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Е.М.Қалмұрзаев, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы С.К.Есеев, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жатар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы С.К.Беріккожа, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жатар ресурстық орталығы» мекемесінің заңгері Е.Жылқышев, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жатар ресурстық орталығы» мекемесінің писихолог Ж.Төленқұлова, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің заңгері Д.Амреева, Жамбыл облысының «ШАНС» кәмелете толмағандарды әлеуметтік-психологиялық,құқықтық қолдау орталығы» жеке меншік мекемесінің директоры Н.М.Айдарова, Жамбыл облысының «ШАНС» кәмелете толмағандарды әлеуметтік-психологиялық,құқықтық қолдау орталығы» жеке меншік мекемесінің психологы К.Б.Абиеваның қатысуларымен дөңгелек үстел  өткізілді.

         Жамбыл облыстық сотының судьясы Г.А.Асылбек медиация - жанжалды шешу кілті, дауларды шешудің балама әдісі, өзара тиімді, бейбіт келісімге қол жеткізу және жанжал деңгейін төмендету болып табылатындығын атап өтті. Осылайша дауларды сотқа дейін шешуді қамтамасыз етіп, тараптардың уақыты мен қаражатын үнемдеп, сот жұмысын да жеңілдетеді. «Отбасылық сот» пилоттық жобасы кәмелетке толмаған баланың отбасында ата-анасынан тәрбие алуына, отбасылық құндылықтарын нығайтуына және оны сақтауына бағытталған, яғни мемлекеттің бастапқы міндеті жас ұрпаққа қамқорлық жасау болып табылатындығын түсіндіріп өтті. Соттың төрағасы Е.М.Дүйсенбаев әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар санын азайту, отбасылық-неке даулары бойынша тараптарды татуластыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп жатқандығын айтап өтті. Ағымдағы жылдың бірінші айынан бастап, «Бастау» жұмыс тобына тараптарды бейбіт жолмен татуластыруға келтіру бойынша сотпен 18 ұйғарым жіберілгендігін, алайда бірде-бір ұйғарым бойынша жұмыс тобы тараптар арасындағы жанжалды бітімге(ымыраға) келтірмегендігін атап өтті. Сондай-ақ, жыл басынан осы уақытқа дейін сотқа тараптарды татуластыру мүмкін еместігі туралы үш ұйғарымға «Бастау» жұмыс тобынан жауап келіп түсіп, ал қалған сот ұйғарымдары орындалмай қалыс қалуда. Сот төрағасы ювеналдық сотта қаралып жатқан даулар бойынша (баламен кездесу уақытын белгілеу, баланың тұрғылықты жерін анықтау, алимент мөлшерінің азайту және т.б.) бойынша "Бастау" жұмыс тобы өзінің жұмысын оң көрсетпегенін және балалар туралы даулар бойынша ешкімді татуластыруға әкелмегенін атап өтті. «Бастау» жұмыс тобына жолданған  істерді сотта қарау барысында   2 – сот медиациясы, бітімгершілік келісіммен  1 іс, 2 іс бойынша тараптар талап қоюдан бас тартса, 2 іс қараусыз қалдырылды. Ал төрт азаматтық іс сотта қарауында екендігін айтып өтті. Дөңгелек үстел барысында татуластыру рәсімдері бойынша бірлесіп жұмыс жасауды және оны жандандыру ұсынылды, өйткені болашақ ұрпақ дауларды бейбіт жолмен шешуді үйренуі тиіс.

         Дөңгелек үстел барысында іске қатысушылар тақырып бойынша өзара ұсыныстар мен пікір алмасты.  

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив