Некенің бұзылуы және оның себептері

Некенің бұзылуы және оның себептері

 

Неке – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісім жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ.

Неке отбасының негізі болып табылады және оның ең алғаш  мақсаты – балалардың тәрбиесі мен олардың болашағы, сәйкесінше, бұл қоғамның мүдделеріне әсер ін тигізбей қоймайды.

Алайда отбасылық өмір әркез бақытты және мінсіз бола бермейді. Ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжің одан әрі өзара қарым-қатынасты сақтап қалуға мүмкін болмайтындай күйге жетіп жатады.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 19 бабына сәйкес некені сотпен бұзу егер ерлі-зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігі анықтаса бұзылады делінген.

Сот тәртібімен некенің бұзылуы келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

1) осы Кодекстің 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары болған;

2) ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған;

3) ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, өз іс-әрекеттерімен не әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықта) бұзудан жалтарған;

4) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болған жағдайларда, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.

Азаматтық істер бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылдың 8 айында ажырасу бойынша түскен істер саны 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (1003/1473) әлдеқайда төмен.

Орал қаласының №2 сотының ұйымдастыруымен АХАТ бөлімі, психологтар мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен өткен  дөңгелек үстелдер талқылауы мен қорытындысы бойынша неке бұзылуының негізгі себептеріне әдеттегі талап арызға жазылатын: екі жақтың арасындағы сезімнің өшуі, өмірге деген көзқарастардың сәйкес келмеуі немесе мінездерінің үйлеспегендіктері көрсетіледі.

Ал түптеп келгенде, некенің бұзылуына бірден-бір себеп: ерлі-зайыптылардың бірінің ішімдікке салынуы,  көзге шөп салу, екі жас арасындағы сезімнің өшуі, оған себеп болатын тума-туыстың араға түсуі, арада баланың болмауы және жалпы ажырасуға деген көзқарастың өзгеруі.

         Ерлі-зайыптылы өмір қаншалықты қиын болып көрінгенімен, әркез бір шешімі табылатынын ұмытпаған жөн. «Кішіпейілділіктен кішіреймейсің» деген халқымыз. Өкініштісі көпшілік мұны түсіне бермейді, сол себепті де некенің бұзылуы кезінде кәмелет жасқа толмаған баланың қамтылуы, ортақ мүлікті бөлісу деген тәрізді көптеген мәселелер туындайды.

Олеся Ташимова

Орал қаласының №2 соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

8 пікір

  1. аватар
    Hbktbq 30 августа 2023 13:01

    dydrogesterone over the counter <a href="https://janozin.com/">buy sitagliptin without prescription</a> order empagliflozin 10mg online cheap

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив