ЕҚЫҰ-ның 28-ші экономикалық-экологиялық форумында Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы «цифрлық күрес» мәселесі жария етілді

ЕҚЫҰ-ның 28-ші экономикалық-экологиялық форумында Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы «цифрлық күрес» мәселесі жария етілді

 

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде онлайн форматта ЕҚЫҰ-ның жыл сайынғы экономикалық-экологиялық форумы өтті. Онда Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы электрондық технологияларды қолданудың қазақстандық тәжірибесі туралы айтып берді.

Атап айтқанда, ол шетелдік әріптестерін мемлекеттің ашықтығы мен есептілігін арттыруға ықпал ететін мемлекеттік басқару саласындағы соңғы цифрлық жаңалықтармен таныстырды.

 Сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту тұрғысында бірқатар мемлекеттік қызметтерді, лицензиялауды, сот ісін жүргізуді, кедендік және салықтық әкімшілендіруді «электрондық рельске» көшіру маңызды қадам болды.

 Қазақстанның жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі – қоғамдық қатысу мен бақылау құралдарын дәйекті кеңейту болып табылады.

 Электрондық үкіметтің дамыған құрылымы әрбір қазақстандыққа үйден шықпай-ақ бюджет шығыстарын бақылауға, нормативтік актілердің жобаларын талқылауға қатысуға, кеңес алу мен шағым айту үшін онлайн жүгінуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың тиімділігін ашық бағалауға мүмкіндік береді.

 Форумға қатысушылар Қазақстанда енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы цифрлық құралдардың алға басуы мен тиімділігін бағалады.

 Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі-Елші Петер Буриан Қазақстан Президентінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалары мен жақында халыққа Жолдауында айтылған қоғамдық бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмаларын ерекше атап өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив