Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

 

Орал қаласының №2 сотында БҚО жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының (бұдан әрі ЖСО) бастамасымен сот төрағасы Азамат Борамбаев, судья Алтынбек Құспанов, облыстық жеке сот орындаушылар палатасының басшысы Пердебек Қабылбековтың қатысуымен дауларды сотқа дейінгі реттеудің өзекті мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараны аша отырып сот төрағасы А.Борамбаев сот орындаушыларды іс әрекетіне қатысты азаматтық істердің көбеюіне назар аударды және соттарда қаралған істердің жалпы төмендеуіне қарамастан, жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым беру бойынша даулардың үлесі айтарлықтай жоғары екенін атап өтті.

Судья А.Құспанов өз сөзінде соттан тыс дауларды шешу үшін комиссияның маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті, бұл сот орындаушылары мен азаматтардың қарым-қатынасын сақтауға, сондай-ақ тұрғындар арасындағы жанжал деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында сот орындаушылардың әрекеттеріне шағымдануға байланысты дауларды соттан тыс және алдын-алу бойынша бірлескен іс-қимыл алгоритмі жасақталды, сонымен бірге өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Жеке сот орындаушылар палатасының басшысы П.Қабылбеков атап өткендей, әлеуметтік қақтығыстар азайту, шенеуніктердің жауапкершілік деңгейін, әкімшілік актілердің сапасын, әкімшілік рәсімдердің ашықтығын арттыру мақсатында профилактикалық іс-шаралардың тиімділігі үшін палатада дауларды реттеу комиссиясы құрылады.

Меморандум мақсаты даулардың алдын алу, соның ішінде жеке сот орындаушылардың әрекеттеріне шағымдану, қоғамдағы жанжалдарды азайту және дауларды соттан тыс шешудің баламалы әдістерін одан әрі дамыту мақсатында ынтымақтастық.

 

Олеся Ташимова

Орал қаласының №2 соты

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив