Мемлекеттік қызметкерлердің бағалаудың жаңа жүйесі.

Мемлекеттік қызметкерлердің бағалаудың жаңа жүйесі.

 

Мемлекет, үстем таптың (әлеуметтік топтың, барлық халықтың тап күштері одағының) көпшілік саяси үкіметтің ерекше ұйымы бола отырып, өзінің міндеттері мен қызметтері бар.

Бұл міндеттер мен қызметтер мемлекеттік қызметтегі – мемлекеттік қызметкерлердің,  жеке құрамның нақты әрекеті арқылы жүзеге асырылады.  Мемлекет өзінің қызметкерлер контингентінде нақ осы кадрларында және нақтылықпен күш алады. Мемлекеттің міндеттері мен қызметтері, оларды жүзеге асыру барысында жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметкерлердің міндеттері мен қызметтері болады. Мемлекеттің жұмысы мемлекеттік қызметкерлерге байланысты.

Мемлекеттік қызмет мемлекеттің механизмін ұйымдастыруда, оны мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыруға жарамды және дайын ете отырып, жалғастырады және аяқтайды. Осы қызмет мемлекеттік құрылымның әрбір бөлімін жандандырады, нақты, практикалық қызмет үшін әдістер мен формалар, амалдар, шаралар жиынтығын енгізеді. Кез-келген түрдегі мемлекеттің қалыптасуында осы қызмет мемлекеттің өзінің мақсаттарын орындаудағы алғашқы ұйымдастырушылық амалы ретінде шығады. 

Мемлекеттік қызметтің құрылымында қарым-қатынастың екі жағы, екі тобы нақты ажыратылады: мемлекеттік қызметті ұйымдастыру оны дайындау және қызметтік әрекет, әрбір қызметкермен және олардың барлығымен бірге өздерінің қызметтік тәжірбиелік құзыреттіліктерін жүзеге асыру.

Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру қызмет үшін оны қалыптастыруды білдіреді және мәселелердің үлкен шеңберінен тұрады: қызметтік атауларды бекіту және әрбір лауазым бойынша құзыреттілікті анықтау; мемлекеттік қызметке кіру үшін ережелерді құру; кадрларды дайындау және олардың біліктілігін арттыру; қызмет бойынша көтерілу ережесі; марапаттау шараларын және тәртіп шараларын және де басқа жауапкершілік шараларын қолдану; қызметтен өту және қызметтік қатынастарды тоқтату ережелері және  кейбір басқа да ережелер. Бұл тәжірбиелік қызмет үшін дайын мақсаттары бар және кадрлармен байланысы бар қарым-қатынсатың үлкен саласы.

Мемлекеттік қызметтің басқа жағы – бұл мемлекеттік қызметкерлердің оларға тапсырылған өкілеттіктерді жүзеге асыру бойынша тәжірбиелік қызмет.

Әрбір қызметкер оның жүзеге асыруға тиісті өкілеттілігінің көлемін анықтайтын лауазымға ие. Бұл өкілеттіктер материалдық мазмұны жағынан өте алуантүрлі (билік қызметі,орындашуы, әділеттік және т.б. салаларда), оларды іске асырудың құқықтық формалары бойынша әртүрлі (құжаттарды құрастыру, олармен жұмыс, жеке тұлғаларды қабылдау, шағымдарды қарастыру және т.б.).

 Мемлекеттік қызмет құқықтық институттардың бірі болып табылады, оның нормаларын мемлекеттік қызметтің екі жағы (мемлекеттік қызмет және тәжірбиелік өкілеттіктерді мемлекеттік қызметкерлердің жүзеге асыру ұйымы) реттейді. Құқықтық институт ретінде мемлекеттік қызмет құқықтың әртүрлі салаларының нормаларын біріктіреді.

Ал, мемлекеттік қызметшілерді бағалау жүйесі әкімшілік реформаның жалпы прогресін байқатады. Алғашқы жылдары бағалаудың арқасында мемлекеттік қызметкерлер өзінің ішкі процестерін ретке келтірді. Мысалы, сол уақытта олардан стратегиялық жоспарларды енгізу талап етілді және өзінің критерийлері арқылы бағалау жүйесі мемлекеттік қызметкерлердің стратегиялық жоспарды қаншалықты сапалы әзірлегенін және өзінің жұмысының көрсеткіштерін қаншалықты дұрыс жоспарлағанын және жыл қорытындылары бойынша көрсеткіштерге қол жеткізу деңгейінің қандай екенін бағалай алатын. Персоналды басқару және мемлекеттік қызметтерді көрсету, электрондық құжатайналымын енгізу, деректер базаларын интеграциялау және электрондық үкіметті дамыту рәсімдері бағаланатын. Яғни, өзінің критерийлері арқылы бұл жүйе мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын жақсартуға және онымен қоса мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың негізгі реформаларын қолдауға ықпал береді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілердің бағалау жүйесі ашықтығын арттыру реформасын белсенді қолдайды. Ол үшін бірқатар критерийлер әзірленген: бюджеттік бағдарламалар жобаларын және оларды іске асыру туралы есептерді жариялау кезінде мемлекеттік қызметкерлердің белсенділігі; жалпы талқылауға арналған нормативтік-құқықтықщ актілердің жобалары; қызметінің тиімділігі туралы айқындайтын статистикалық ақпарат. Алдағы уақытта мемлекеттік органдарға жұмыста ашықтыққа қол жеткізу үшін көп жұмыс жасау қажет, бұл ретте бағалау жүйесінің алдында жаңа күрделі міндет тұр.

 

Н.Жамбыл

БҚО МАЭСотының бас маманы                                                                                     

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив