Қазақстанда жемқорлық жағдайын модельдеу арқылы «Integrity Check» институтын енгізу ұсынылуда

Қазақстанда жемқорлық жағдайын модельдеу арқылы «Integrity Check» институтын енгізу ұсынылуда

Петропавлда «Antikоr ortalyǵy» сервистік орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық жаңашылдықтар» тақырыбында брифинг өтті. Баспасөз маслихатына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин және Арнайы мониторингтік тобының жетекшісі Александр Бодуновский қатысты.

Нұрлан Жахин өз баяндамасында, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы жұртшылықтың талқылауы үшін «Ашық НҚА» интернет-порталында» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4283406) және Агенттіктің сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/47919?lang=kk) орналастырылғандығын айтты.

Ұсынылған түзетулер үш блоктан тұрады.

«Біріншісі сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Судьялар, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін қатаң жауапкершілік пен санкциялар енгізу ұсынылады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық жағдайын модельдеу арқылы парасаттылықты тексеру институты (Integrity Check) құқық қорғаушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда тиімді тежеуші тетік болады. Егер тексерілуші ұсынылған пайда мен артықшылық алуға келіссе, ол үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке оралу құқығынсыз теріс себептер бойынша жұмыстан босатылады. Күштік блоктан басқа, мұндай тексеруді бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын тұлғаларға да тарату ұсынылады» - деді Нұрлан Жахин.

Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтетін тағы бір шара аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін еселі айыппұл қолдануды болдырмау болып табылады.

Спикердің мәлімдеуінше, бұл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін санкциялардың пәрменділігін арттырады және осындай әрекеттердің қоғамдық қауіптілігін жазалаудың мөлшерлес болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті өзге де адамдар, олардың жұбайлары, кәмелетке толмаған балалары үшін де сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеу енгізу – шетелдік банктерде шоттар (салымдар) ашуға және иелік етуге тыйым салу ұсынылады.

Бастамалардың екінші блогы ұлттық заңнаманы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттармен үйлестіруге бағытталған.

«ЭЫДҰ мен Грекияның озық тәжірибесі мен стандарттарына сүйене отырып, «параны уәде етуді/ұсынуды» және «параның уәдесін/ұсынысын қабылдауды» криминалдандыру ұсынылады. Бұл мемлекетке залал келтіргенге дейін парақорлықтың жолын кесуге мүмкіндік береді және айқын алдын алу әсері болады. Сонымен қатар, Агенттік «сыбайлас жемқорлық» ұғымын жеке секторға таратуды ұсынады», - деді Нұрлан Жахин.

Бастамалардың үшінші блогы қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған, ол бүгінгі күні айтарлықтай бедерге ие болып, оны бірқатар үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық алаңдар іске асырады.

«Агенттік жанындағы арнайы мониторингтік және ақпараттық-ағарту топтары, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері жүйелі негізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қадағалайды, мемлекеттік органдар қызметіндегі проблемаларды анықтайды және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша сындарлы ұсыныстар енгізеді. Мұндай ұсынымдар міндетті сипатта болмаса да, бірақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда белсенді қолданылады. Қолданыстағы «Қоғамдық кеңестер туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңдар азаматтық қоғамның мемлекетпен өзара іс-қимылының тәжірибелік тетіктерін қамтымайды. Қоғамдық бақылаудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету мақсатында Тұжырымдамада осындай институтты құқықтық реттеу көзделген, бұл еліміздің саяси жүйесін демократиялық дамытуға және жаңғыртуға елеулі үлес қосады», - деп Александр Бодуновский өз пікірін білдірді.

Бұдан бөлек, ЭЫДҰ мен ГРЕКО ұсынымдарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдарды қорғаудың кешенді жүйесі (whistleblowing) азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылдың басқа пәрменді құралы болып табылады.

Егер мемлекет адамдарды кешенді қорғауды өзіне алса, анықталған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабардар ету деңгейі едәуір жоғары болады деп болжануда.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Jacquelyn 31 октября 2023 14:31

    My spouse and I absolutely love your blog and find a lot
    of your post's to be precisely what I'm looking for. Does one offer guest writers to write
    content for you? I wouldn't mind publishing a post or elaborating on a few of the subjects
    you write about here. Again, awesome website!


    Look at my page: kaufe amoxicilline in Italien

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив