Медиация дауды реттеудің жолы

Медиация дауды реттеудің жолы

Медиацияны қолданбайтын ел кемде-кем. Билер даналығын  дәріптеген біздің еліміз де бар келіспеушілікті бітімгершілікпен шешіп, татулықты ту еткен халық екенін әлдеқашан мойындатқан. Медиация азаматтық еңбек, отбасылық қатынастар және заңда белгіленген т.б. жағдайлар бойынша, жеңіл және орта дәрежедегі қылмыстық істерді қарау барысында қолданылуда. Қазір әлем мемлекеттерінде медиация институты арқылы көптеген даулы мәселелерді бітімге келтіріп, оң шешім тауып жатыр және бұл тәжірибе біздің елімізде де қолданылуда. Дау – даумайларды шешудегі оңтайлы әдіс ретінде қазақ халқы үшін бітімгершілік тәсілдерін бұрыннан қолданып келген болатын.  Бұл тәсілді өзіміз үлгі ететін  дамыған өркениетті елдер АҚШ, Аргентина, Ұлыбритания, Германия Аустрия сынды елдер көптен бері қолданылып келе жатыр. Ол елдерде дауды (дау-шарды) реттеу медиатордың көмегінсіз шешілмейтіні белгілі. Елімізде азаматтық, қылмыстық заңнамаларды ізгілендіру бағытында  2011 жылы ҚР «Медиация туралы» заңы қабылданды.  Сондай-ақ, Жоғарғы Сот төрағасының 2017 жылдың 26 қаңтардағы өкімімен «Жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша» пилоттық жобасы іске қосылды. Пилоттық жобаның мақсаты - даулардың (жанжалдардың) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот іс жүргізуіне енгізу болып табылады. Пилоттық жобаның міндеттері татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігі болып табылады.Үшінші бейтарап, дау-жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін медиация рәсімінде үшінші тарап ретінде медиатор танылады. Кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізетін медиатор даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларына белгілі бір келісімге келуге көмектеседі. Медиация тараптарды татуластыру рәсімдерін жүргізу кезінде қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды. Тараптар жазбаша келісім, шарты сотқа ұсынады сот оны бекітеді. Аудан көлемінде сот төрағасымен медиация заңы талаптарының аясында татуластыру рәсімдерінің халыққа кеңінен таралуына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Көпшілік білетін, ел сыйлайтын, беделді азаматтарды бітімгер болуға шақырып, медиаторлыққа тартуда біраз жұмыстар атқарылады. Елбасының 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт жоспарында Жоғарғы Сотқа жаңа азаматтық процестік кодексті жасап, онда дауларды татуластыру жолымен шешуге басымдық берілуін тапсыруы  медиацияның алға жылжуына үлкен серпін берді. Жаңадан енгізілген азаматтық процестік кодекстің басты жаңашылықтарының бірі –татуласу рәсімдері. Кодексте оның бірнеше түрі, яғни, тараптардың дауды бітімгершілікпен, медиация тәртібімен немесе партисипативтік рәсіммен реттеп, келісімге келуі қарастырылған.  Бітімгершілік рәсімдерді қолдану шаралары  кеңейтіліп, медиация институты жетілдіріліп, партисипативтік рәсім жаңашылдыққа айналып, сот ісін жүргізу жеңілдеді. Енді кезкелген дауды қарамас бұрын судья тараптарға медиацияның артықшылықтарын, медиатор көмегіне жүгінуге мүмкіндігі барын түсіндіреді.

       Қазіргі уақытта татуластыру рәсімі қылмыстық және азаматтық, әкімшілік істер бойынша белсенді түрде кеңінен қолданылуда. Татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдану тараптар үшін де, сот үшін де пайдалы. Ежелден ата-бабаларымыз айтқандай «Айтысып, жанжалдасып сөзге келгенше, ақылмен жөнге кел» деп тауып айтқан болатын. Кез келген іске сабырлық танытып, өркениетті түрде татуласқанға не жетсін. Қазақ қашаннан кешірімшіл, бітімге бейім тұратын халықпыз.

 

Н.М.Ескабулов

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық  сотының бас маман-сот отырысының хатшысы                          

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Fleta 13 апреля 2024 14:10

    Hi! Would you mind if I share your blog with my myspace group?
    There's a lot of people that I think would really enjoy your
    content. Please let me know. Cheers

    Feel free to visit my website :: Lorie

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив