Бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

Бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

11.01.2020 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.  Айта кететін жайт, ҚР ҚК-нің 346 бабының 2 бөлігінде көрсетілгендей, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол бергені үшін, сонымен қатар абайсызда көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыс жайларын және өзге де құрылыс жайларды не өзге мүлікті бүлдіруге, сол сияқты адамның денсаулығына жеңіл зиян келтiруге алып келген әрекеттер – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Казталов ауданының №2 аудандық сотымен ҚК-тің 346-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық іс қаралды. Іс материалдарына сәйкес, сотталушы К. бұрын осындай құқық бұзушылық үшін екі мәрте сотталып, көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, 10.06.2020 жылы автокөлікті алкогольді масаюдың қатты дәрежесінде басқарып, Жалпақтал ауылының Жұмабаев көшесінде тұрған Г-ға тиесілі мотоцикл көлік құралына соқтығып, шығын келтірген.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толықтай мойындаған.

Сот, жасалған қылмыстың сипатын, сотталушының  жеке басын, қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларын ескеріп, көлік құралын басқару құқығын өмір бойына айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Казталов ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив