Электрондық сот төрелігі

Электрондық сот төрелігі

Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастықтың арасынан өзінің лайықты орнын алып қана қоймай әлемдік аренада бейбітшілікті қолдайтын ел екенін дәлелдеді. Тәуелсіздіктің арқасында еліміз дамудың қазақстандық жолын қалыптастырды. Бүгінгі таңда Қазақстанның алдында 30-дамыған елдер қатарына кіру - айқындалған жаңа міндет бар. Бұл белесті бағындыру жолында елімізде барлық мүмкіндіктер қарастырылған: шетелдік инвесторларды тартатын пайдалы қазбалар, Қазақстанның азаматтарының, жеке және заңды тұлғалардың, бизнес қауымдастығынының құқықтарын қорғайтын жетілдірілген заңнама да бар. Бүкіл әлемдік экономикалық форумның жаһандық қабілеттілік индексі бойынша базалық көрсеткіштерге ең әуелі соттардың тәуелсіздігі, халықтың сенімі және меншік құқығын қорғау институттары кіреді. Осы халықтың сот жүйесіне қатысты сенімін арттыруда елімізде бірқатар тың өзгерістер орын алды.Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде қағазбастылықтан арылып, электронды сот өндірісіне көшуде. Бүгінгі заман талабына сәйкес еліміздің сот жүйесі саласында электронды сот төрелігін дамыту ісіне үлкен мән берілуде. Қазақстан Республикасында сот жүйесін жетілдіру бойынша көптеген реформалар сәтті жүзеге асырылып, нәтижесінде республикамыздың сот жүйесінің жұмысының сапасы уақыт өткен сайын артып келеді.

Соттарда электронды технологияларды қолдану - процеске қатысушы азаматтарға қолайлы жағдай жасауды, сонымен қатар, сот актілерінің сапасын көтеру мен істерді қарау мерзімін жылдамдатады және сот төрелігінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуді көздейді.
Заңды және жеке тұлғалар талап арыздарын «Сот кабинеті» сервисінде орналастырылған электронды нысандарды толтыру арқылы беруге мүмкіндігі бар.

Сот кабинеті - бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.
 Осы сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез-келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ интернет желісі арқылы сот құжатын жолдап, сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады. Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет.

 

Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданының №2                                                            

аудандық сотының

жетекші маманы                                             

Н.Аманжолов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив