Оралда посткарантиндік кезеңде мемлекеттік сатып алулармен байланысты даулар және банкроттық туралы сот ісін жүргізуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Оралда посткарантиндік кезеңде мемлекеттік сатып алулармен байланысты даулар және банкроттық туралы сот ісін жүргізуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Рустем Мырзакәрім облыс әкімдігінің, құқық қорғау органдарының, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлік Палатасының, облыс және қала прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен  кездесу өткізді.

Шараны аша отырып, Рустем Мырзакәрім өз сөзінде кездесудің мақсаты-
посткарантиндік кезеңде мемлекеттік сатып алулармен байланысты даулар және банкроттық туралы сот ісін жүргізуге қатысты өзекті мәселелерді талқылау екенін атап өтті.

Пандемияның әсерінен болған уақытша шектеулер кәсіпкерлік белсенділіктің бәсеңдеуіне, кей жағдайда тоқтауына, кәсіпкерлік субъектілерімен міндеттемелердің тиісінше немесе мүлдем орындалмауына әкеліп соғатыны бәрімізге белгілі.

Бұл жағдайлардың нәтижесі соттардағы мемлекеттік сатып алулар бойынша дау деңгейінің өсуіне әсер етуде.

Осыған байланысты ҚР Жоғарғы Сотының жалпы отырысы төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты сот тәжірибесінің жекелеген мәселелері бойынша арнайы түсіндірмелерді бекітті.

Батыс Қазақстан облыстық соты сондай-ақ мүдделі мекемелерге карантиннен кейінгі жағдайда туындаған дауларды шешудің жекелеген мәселелерін тұрақты түрде түсіндіреді.

БҚО МАЭС судьясы А. Давлетова туындаған жағдайды ескере отырып, сотқа заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді банкрот деп тану туралы арыздарды алдын ала келіп түскенін, олар бизнес-қоғамдастық арасында елдегі жағдайды жақсартып, тұрақтандырғанға дейін шеткі шаралар қабылдау қажеттілігінің жоқтығы туралы түсіндіру жұмыстарының жүргізілетіндігі туралы айтты.

Қазіргі уақытта БҚО экономикалық сотында кәсіпорындардың банкроттығы туралы іс жоқ.

БҚО МАЭС  судьясы Н.Сейдахметова Үкіметтің 2020 жылғы 20 наурыздағы қаулысымен бекітілген мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін түсіндірді.

Төтенше жағдай енгізудің салдарынан өнім беруші шарттық міндеттемелерді орындаудан жалтарса немесе орындамаса, тапсырыс беруші оны сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шараларды қолданбауы керек.

Сотқа мұндай талапты берген жағдайда, судья талап арызды азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды деген негіздермен қабылдаудан бас тартады. Бұл норма төтенше жағдайға дейін жасалып, бірақ оны орындау мерзімі төтенше жағдай уақытына тап келген басқа да мемлекеттік сатып алу бойынша келісім шарттарға да қолданылады.

"Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер Палатасының өкілі М. К. Нигишева сот практикасын түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлер арасында, сондай-ақ бизнес субъектілері арасында туындайтын дауларды бейбіт реттеуге жәрдемдесу бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатқан облыс судьялар корпусына алғысын білдірді.

Облыстық сот төрағасы еліміз үшін қиын кезеңдерде кәсіпкерлермен қатар жеке тұлғаларға да құқықтық көмек қажет екенін атап өтті. Спикер шартты даулар бойынша істерді қарайтын судьялардың микрокредиттік ұйымдармен және қаржы нарығы органдарының өкілдерімен кездесуін ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.

 

Нұргүл Қанатбаева

БҚО сотының баспасөз қызметінің басшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив