Құқық қорғау қызметіне кіру тәртібі қайта қаралды

Құқық қорғау қызметіне кіру тәртібі қайта қаралды

Енді прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметіне жұмысқа қабылдануға ниет білдірушілер міндетті бастапқы кәсіби даярлықтан өтуі тиіс.

Жаңа енгізілімдер құқық қорғау қызметіне қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдарға қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 мамырдағы Жарлығымен Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына аталған кәсіптік даярлықты өткізу жөніндегі функциялар жүктелген.

Прокуратура органдарына қызметке қабылдану үшін оқу мерзімі 1 жыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметіне – 6 айды құрайды.

Жоғары заңгерлік білімі бар отыз бес жастан аспаған үміткерлер қабылданатын болады.

Барлық түскендер мемлекет есебінен стипендиямен, тамақпен және тұратын орынмен қамтамасыз етіледі.

Оқуға түсу үшін алдын ала Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде тестілеуден (құқық қорғау қызметіне кіру үшін), әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан және полиграфологиялық зерттеуден, сондай-ақ Академияда іріктеуден өту қажет.

Бастапқы кәсіптік даярлыққа түсу, Академияға іріктеу тәртібі мен мерзімдері туралы толық ақпарат Құқық қорғау органдарының және  Академияның ведомстволық сайттарында қосымша жарияланатын болады.

 

Құқық қорғау органдары академиясының

Баспасөз қызметі

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Margarette 15 января 2024 09:16

    you're really a excellent webmaster. The site loading speed is incredible.
    It sort of feels that you are doing any
    distinctive trick. Moreover, The contents are masterpiece.
    you have done a wonderful process in this topic!

    Also visit my web-site :: Lashonda

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив