Тиімді сот төрелігі-бүгінгі күннің талабы

Тиімді сот төрелігі-бүгінгі күннің талабы

 

Қазақстан бүгін-қалыптасқан, әлем таныған және бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде танылып отыр.Оны бүкіл дүниежүзілік қауымдастық мойындайды. Біздің табыстарымыздың дәлелі заманға сай және тиімді сот билігі болып табылады.  

Мемлекеттік биліктің дербес саласы - сот билігінің Қазақстанның саяси өміріндегі орны мен маңызы зор. 2016 жылғы 21 қарасында өткен республика соттарының VII съезінде сөйлеген сөзінде Елбасы тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда түбегейлі жаңа өзгерістерге сай келетін заманауи сот жүйесі қалыптасқанына ерекше назар аударды.

 Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің бүгіні мен болашағы,  мемлекетімізде жүргізіліп жатқан сот жүйесінің жетістіктері  туралы әңгіме қозғағанда, біз, ең алдымен,  өз қызметін  демократиялық  принциптерге, халықаралық құқықтық қағидаларға  негіздейтін тәуелсіз сот жүйесінің  қалыптасқанын,  біз таңдаған сот жүйесінің тек қоғам мен азаматтың мүдделері үшін қызмет жасайды.

Елімізде жүргізіліп жатқан реформалық жаңалықтардың  жемісі ретінде - тәуелсіз, тек  адам мен азаматтар құқықтары мен бостандықтарын қорғауды  басты  мақсат етіп  қойған, жаңа нарықтық қатынастардан туындайтын даулардың барлық түрін әділетті де  заң жүзінде шешуге қабілетті жаңа сот  жүйесінің  құрылғанын және  тұрақты қызмет істеп жатқанын атап айту керек. Соттар қызметінің базистік нормалары 1995 жылы жарияланған реформада көрсетіліп, одан «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялар мәртебесі туралы» Президенттің Жарлығымен бекітілді.

Бүгінде елімізде сот жүйесіндегі көп сатылылық жойылып, сот ісін жүргізуде ақпараттық технологиялармен толық қамтамасыз етіліп, меңгерілуде. Заманауи технологияларды ендіру мен пайдалану сот жүйесінде сот ісін жүргізуді жеңілдетіп, бюрократиялық кедергілерді жойып, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын барынша азайтып, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге ықпал етуде. Барлық сот процестеріне дыбыс-бейне қондырғысын енгізу заң үстемдігін қамтамасыз ету «100 нақты  қадам» Ұлт жоспарының бірі болып табылады. Сот процестерінде дыбыс-бейнежазба қондырғысын қолдану және жазылған бейнематериалдарды көру сот процесінің мәдениеті мен қатысушылар тарапынан сотқа деген сенім деңгейін арттырады. Қазіргі уақытта әскери сот 100 пайыз дыбыс-бейнежазба қондырғысымен жабдықталып, сот істері дыбыс-бейнежазба қондырғысын қолдану арқылы қаралуда.Сонымен бірге, соттармен бейнеконференциялық байланыс арқылы  қашықтықтан істер қаралуда. Бейнеконференциялық байланыс жүйесін қолданудың бірден бір мақсаты істерді қарау бойынша процестік мерзімдерді сақтау және азайту, екіншіден,  қамақта отырған сотталушының сот отырысына қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету, үшіншіден, сот отырысына белгілі бір себептерге байланысты қатысу мүмкіндігі жоқ куәден, жәбірленушіден  жауап алу мүмкіндігін жүзеге асыру, төртіншіден, белгілі бір себептерге байланысты сот отырысына қатысу мүмкіндігі жоқ іске қатысушы тұлғалардың, олардың өкілдерінің, сонымен қатар куәлердің, сарапшылардың, мамандардың, аудармашылардың сот отырысына қатысуын қамтамасыз ету.

Елімізде сот жүйесі бірнеше мәрте  реформаланып, тәуелсіз сот билігі қалыптасты. Ендігі біздің алдымызда тұрған бүгінгі міндетіміз — қол жеткен табыстармен  шектелмей,  алға, болашаққа қарай қадам басуымыз қажет.

 

Ақмола гарнизоны

әскери сотының

судья Е.Ибраимов

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив