Сот актісі-сот біліктілігінің көрсетшісі

Сот актісі-сот біліктілігінің көрсетшісі

 

Тәуелсіздік халқымыз үздіксіз күресінің, қажымас қайсарлығының арқасында келді. 1995 жылы 30 тамызда қазіргі қолданыстағы басты құжат-Конституциясы қабылданды. Ата Заңымыз арқылы Қазақстан Республикасы өзін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде жариялады. «Мемлекеттің басты құндылығы адам өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары»- деп көрсетті. Жылдар өте келе, бүгінде әрбір азамат құқықтары мен бостандықтарға ие демократиялық мемлекетке айналып келеміз. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Конституциямызда көрсетілгендей, әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Бүгінде елімізде тәуелсіз, тек  адам мен азаматтар құқықтары мен бостандықтарын қорғауды  басты  мақсат етіп  қойған, жаңа нарықтық қатынастардан туындайтын даулардың барлық түрін әділетті де  заң жүзінде шешуге қабілетті жаңа сот  жүйесінің  құрылғанын және  тұрақты қызмет істеп жатқанын атап айту керек. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2009 жылдың қараша айында өткен судьялардың V-съезінде сөйлеген сөзінде «Қазақстан – тәуелсіздікке жеткен алғашқы күндерден бастап, өзінің құқықтық жүйесін белсенді қалыптастырып келе жатқан ел. Мемлекетіміз барлық озық әлемдік стандарттарға сай келетін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін ашық және бүкпесіз сот жүйесін қалыптастыруға бағытталған көптеген шараларды қабылдап келеді. Біздің осы жетіктістіктеріміз бүкіл әлемге аян болуы тиіс. Соттар-демократиялық мемлекеттің негізгі құқықтық институты. Азаматтар соттың қағазбастылықсыз жұмыс істеуіне, әрқашан заңның қорғауында болатына, қылмыстардың жазсыз қалмайтына, сот үкімінің оларды дер кезінде тыятынына сенуге құқылы»-деген болатын. 

Сөз жоқ, сот жүйесінің үйлесімді жұмысы азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға ықпал ететін негізгі фактор болып табылады. Тәуелсіз еліміздің жаңа саяси бағыты – «Қазақстан 2050» Стратегиясы, басқа да іс-шаралармен қатар, құқықтық және демократиялық мемлекеттің жоғарғы стандарттарына лайықта сот жүйесін құруды көздейді. Тиімді сот жүйесін қалыптатыру және сот әділдігін жүзеге асырудың жоғары дейгейі мемлекет өміріндегі барлық оң өзгерістердің негізі болып табылады. Сот жүйесі қызметін жетілдірудің мәселелері әрқашан да Мемлекет басшысының ерекше назарында болып келеді. Өткен уақыттарда Елбасы айқындап берген міндеттер шегінде еліміздегі сот құқықтық реформасы толық іске асырылды деуге болады. Осы реформа аясында ең озық халықаралық тәжірибелерді ескере отырып,егемен Қазақстан өз дамуының өзіндік құқықтық жолын айқындап алды.

Сот актісі - судья қызметінің ең түпкі нәтижесі. Сондықтан сот актілерінің әділ, сапалы шешілуі ғана емес, тараптарға түсінікті тілде жазылуы да маңызды.

Көп жағдайда азаматтар сот залынан сот актісін түсінбей шығады, бұл жағдай негізсіз апелляциялық шағымдардың көбейуіне әкеліп соғады. Жоғарыда көрсетіліп кеткен нормативтік қаулыларға енгізілген жаңалықтарға сәйкес қазіргі уақытта төрағалық етуші сот шешімін жариялап болған соң міндетті түрде оған түсіндірме жасайды. Яғни нақты айтқанда судья қарапайым тілмен тараптарға істің мән-жайын, мазмұнын және сот шешімін түсіндіреді. Осы өзгерістер арқылы халық пен сот арасында алтын көпір орнайды.

Мемлекет басшысының сот билігінің беделін арттыруға бағытталған бағдарлары іс-жүзінде орындалуда. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалық жаңалықтар  уақыт толқынымен өз жемісін беруде.

 

Ақмола гарнизоны

әскери сотының судьясы

А.Батырханов

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив