Сот отырысына қашықтан қатысу

Сот отырысына қашықтан қатысу

Төтенше жағдайдың барлық кезеңінде республика соттары азаматтарды татуласуға, дауларды шешудің өзге де, соттан тыс тәсілдеріне ерікті түрде жүгінуге шақырады.

Өкінішке орай,індеттің алдын алуға қатысты шараларға қарамастан соттарға түсіп жатқан талап арыздардың, істердің саны азаймай отыр. Сондықтан да соттар ақпараттық технологиялар көмегіне жүгінуде.

Бүгінде соттарда ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылып, сот отырыстары бейнетаспаға жазылады, талап қоюшылар «Сот кабинеті» сервисі арқылы арызын беріп, арыз тіркелгеннен бастап, іс қаралып аяқталғанға дейінгі сот ісінің қозғалысын бақылай алады және сот актісімен танысып, жүктеп алу мүмкіндіктері бар.

Қазіргі төтенше жағдайдың кезеңінде республика соттарында  сотқа қатысушылар сот процестеріне келмей-ақ бейнеконференц байланыс арқылы сот отырыстарына қатысу мүмкіндігін пайдалануда.

Осы орайда, азаматтар бейнеконференц байланыс дегеніміз дыбыс-бейнеақпарат алмасу мүмкіндігі бар, қашықтағы бірнеше абонентпен нақты уақыт режимінде интерактивтік өзара іс-қимыл жасау үшін ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар пайдаланатын байланыс қызметі екенін білгені дұрыс. Бейнеконференц байланыс тек ашық сот отырысында қолданылуы мүмкін.

Атап өткендей, қазіргі төтенше жағдай кезеңінде қылмыстық істер сотталушыны тасымалдауынсыз-ақ өткізіледі, ал бұл сөзсіз бюджет қаражатын үнемдейді, сотталушыларды тасымалдаумен байланысты қауіптің тудыруын болғызбайды. Мысал ретінде айта кетсек, Ақжайық ауданының №2 аудандық сотында төтенше жағдай уақытында on-line режимде қаралған қылмыстық іс бойынша сот тергеу изоляторына бейнеконференцбайланыс арқылы қосылып, РУ-170/1 қылмыстық атқару жүйесі мекемесі қызметкерлері арқылы сотталушы мен адвокатты сотқа қатыстыра алды.

         Одан бөлек, елімізде ұялы телефонға жүктелген «TrueConf»  қосымшасы көмегімен де сот отырысына қатысуға ниеттілердің көбеюі қуантады. Бұл өзге қаладағы немесе шалғай аудандардағы сотқа қатысушыларға тиімді.

Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай жарияланғалы соттарда сот отырыстары онлайн түрде өтуде. Мәселен, Ақжайық ауданының №2 аудандық сотында карантин режимі кезеңінде 42 іс мобильді құрылғы көмегімен қаралды. Осылайша елімізде сотқа қатысушылар төтенше жағдай тәртібін бұзбай, сот отырысына еш шығынсыз әрі қиындықсыз қатысу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Бұл игілікті бастамалар сот жүйесінің қолжетімділігін, тиімділігін, ашықтығын арттырып, сотқа қатысушылардың алтын уақыты мен жол қаражатын үнемдеуге жол ашты.

 

 Ақжайық ауданының №2 аудандық сотының бас маманы А.А.Масенова

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив