Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері  Отан қорғаушылар мен Жеңіс күндері қарсаңында марапатталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері Отан қорғаушылар мен Жеңіс күндері қарсаңында марапатталды

 

Мемлекет басшысының Жарлығымен үлгілі қызметі, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтудағы ісіне адалдығы үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасарлары Олжас Бектенов пен Шыңғыс Қабдулаға 3-санаттағы жоғары біліктілік сыныптары берілді. Алик Шпекбаев Президенттің тапсырмасы бойынша Отан қорғаушылар мен Жеңіс күндерін мерекелеуге арналған салтанатты жиында оларға генерал погондарын табыстады.

Сондай-ақ, Агенттік Төрағасы Мемлекет басшысының атынан қызметтік міндеттерін орындау барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградаларды тапсырды.

Атап айтқанда, ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен Кадр жұмысы департаментінің басшысы М. Мұхамбетқазы, 2-ші департамент басшысының орынбасары Ж. Ғалымов, Алматы және Шымкент қалалары бойынша Департаменттер басшыларының орынбасарлары Т. Башев пен Б. Ұзынжас марапатталды.

«Құрмет» орденімен Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Н. Жақсымбетов, «Ерлігі үшін» медалімен 5-ші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі офицері А.Бесжанов марапатталды.

Агенттік Төрағасының бұйрығымен үлгілі қызметі мен жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін 108 қызметкерге ведомстволық наградалар және атақтар табысталды. Сонымен қатар, ерекше қызметі үшін қызметкерлердің ата-аналарына алғыс хаттар жолданды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив