Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет  Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі мәжілісі өткізді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі мәжілісі өткізді

 

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М. Мырзағалиевтің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.А. Бектеновтің, сондай-ақ Министрлік басшылығы мен қызметкерлерінің қатысуымен мәжіліс болып өтті.

Екі мәселе қаралды:

біріншісі басшының бағыныштыларының сыбайлас жемқорлығы үшін жауапкершілігі туралы қараша айындағы түзетулерді түсіндіруге қатысты;

екіншісі - экология, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жасалған сыртқы талдаудың қорытындылары қарастырылды.

Бірінші мәселе мемлекеттік және жергілікті атқарушы органның әрбір басшысына, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелеріне бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігі туралы ақпаратты жеткізу бойынша Агенттіктің жүйелі жүргізіп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шараларды түсіндіру бойынша жұмысы шеңберінде қаралды.

Мәжілісті аша отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.А. Бектенов аталған институттың Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңнамаға енгізілгенін атап өтті.

Одан әрі ол осы институтты іске асыру тетігіне тоқталды: «Мемлекеттік саяси қызметші соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін немесе оның тікелей бағынысындағы адамға қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қысқартылғаннан кейін, күнтізбелік 10 күн ішінде отставкаға беруге міндетті.

Отставканы қабылдау немесе қабылдамау бұл лауазымға саяси қызметшіні тағайындаған адамның құқығы болып табылады.

Сонымен қатар отставкадан бас тартқан жағдайда, саяси қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін» - деп атап өтті О.А. Бектенов.

Өз сөзін қорытындылай келе, бірінші спикер сондай-ақ саяси емес, А және Б корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын барлық басқа басшыларға қатысты заңмен тікелей бағынысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда, тәртіптік жауапкершілік қарастырылғанын айтып өтті.

Екінші мәселе шеңберінде Министрліктің экологиялық реттеу және бақылау, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеттерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаудың қорытындылары қаралды, онда Агенттіктің Превенция департаменті басшысының орынбасары Т.С. Темірәлиев баяндама жасады.

Ол экологиялық реттеу және бақылау саласындағы тәуекелдерді атап айтты: «негізінен, тәуекелдер экологиялық заңнаманың сақталуына тексеру жүргізу және әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде бақылау-қадағалау функцияларын іске асырумен байланысты».

Баяндамашы: «... зиянды өтеу және бұзушылықтарды жою бойынша ұйғарымдарды ұсынудың нақты уақыт шеңберінің болмауын. ӘҚБтК-де жазаның қосымша түрлерін қолдану не қолданбау, келтірілген залал сомасын ұлғайту сияқты, сондай-ақ азайту жағына әсер ету мүмкіндігімен байланысты дискрециялық нормалардың бар екендігі атап көрсетті».

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында, спикер сыбайлас жемқорлық үшін салдар ретінде тексеру жүргізу кезінде бірқатар рәсімдерді нормативтік реттеудің болмауы - актілер мен ұйғарымдардың типтік нысандары, бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне талдау және мониторинг жүргізу, құқық бұзушылық құралдарын алып қою және сақтау тәртібі бекітілмегендігінен деп айтып өтті.

«Инспекторларда бейне-тіркеуіштердің, қатаң есептегі бланкілердің, әкімшілік өндірісті электрондық форматта жүргізу мүмкіндігінің болмауы жағдайды қиындатады» - деп түйіндеді сөзін
Т.С. Теміралиев.

Сыртқы талдау қорытындысы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде нақты ұсыныстар енгізілді. Тиісті жоспарлар келісілді.

ЕГЕР СІЗГЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ ТУРАЛЫ БЕЛГІЛІ БОЛСА, СІЗ 1424 CALL-ОРТАЛЫҒЫНА 24/7 РЕЖИМІНДЕ ХАБАРЛАСА АЛАСЫЗ.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив