Қазақстан Республикасының сот жүйесі.

Қазақстан Республикасының сот жүйесі.

 

Сот жүйесі деп – бірыңғай демократиялық принциптерге бағытталған жалпы мақсат – міндеттері бар, өз құзыреттері шегінде сот төрелігін орнатуда, сот билігін ж.а. бірегей соттық құрылысын айтамыз. Сот жүйесінің құрылу негізі ҚР-ның Конституциясы болып табылады; яғни сот еліміздің мемлекетттін – ұлттық және әкімшілдің территориялық бөлінісіне сай құрылды. Жалпы Конституцияға сәйкес сот өндірісіне байланысты барлық проблемалар мен мәселелер мемлекеттің құзырында. Ол дегеніміз ҚР-ның кез-келген субъектілері мен лауазымды тұлғалары соттар мен олардың түрлерін құра алмайды. Соттық қызметтінің ұйымдастырылу тәртібін бекіте алмайды. Ол өкілеттіліктің барлығы ҚР-да, яғни мемлекеттерге тән.

ҚР-ның сот жүйесін  жоғарғы сот жергілікті соттар құрайды.

Жергілікті соттарға областық және оларға теңестірілген соттар республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың аудандың және оған теңестірілген соттар қалалық және аудананаралық соттар, мамандырылған сот.Осы жоғарғы сот пенжергілікті соттың мемлекеттің елтаңбамен өз атауы берілген мөрі болады. ҚР-сы сот жүйесінің бірлігі біріншіден, конституцияда және өзге де заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай төрелігі принциптерімен, еіншіден сот билігін барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңдарда белгіленген бірыңғай нысандары арқылы болады.

ҚР-ның барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолданумен, заңдарда судьялардың мәртебесін баянды етумен, заңдың күшіне енген сот актілерің ҚР-ның бүкіл аумағында орындау міндеттілігімен, барлық соттарды тек қана республикасының бюджет есебінен қаржыландыруымен. Осы соттардың құрылысы ҚР-ның Конституциясымен және «Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» заңмен реттеледі.

Сот жүйесі – түрлі деңгейдегі соттардың жиынтығы. Бұл материалдық және процессуалдық заңнамада белгіленген қатаң тәртіппен жұмыс істейтін иерархиялық жүйе болып табылады. Қазіргі қоғамда көптеген сот жүйесілері бар. Сот жүйесі құрамына азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, әскери, шіркеулік, сауда, т.б. сот істері кіреді. Сот жүйесін көбіне конституциялық сот қызметін атқаратын Жоғарғы сот органы басқарады. Кейбір елде бірнеше сот жүйесі болады. Мысалы, кейбір елдерде жалпы соттар, шаруашылық соттар және конституц. соттары бар. Сот жүйесінің біртұтастығы түрлі деңгейдегі барлық соттардың ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларының, міндеттерінің, соттарды қаржыландыру тәртібінің біркелкі болуынан, бірыңғай тәртіпте сот төрелігін атқарып, заңдарды бірыңғай қолдануынан және судьялардың құқықтық мәртебесінің бірдейлігінен көрініс табады. Қазақстан сот жүйесі әкімшілік-аумақтық бөлініске орай құрылады.

Сот жүйесін одан әрі реформалау соттардың шынайы тәуелсіздігі, сот төрелігін атқаруға азаматтық қоғамның тиім­ді қоғамдық бақылауы, судьялардың кәсібилігі мен бей­тараптығы, сот ісін жүргізуді оңайлату және тым артық рег­ламенттеуді алып тастау принциптерімен жүргізіледі, осы­ның нәтижесінде қоғамның сот жүйесіне деген жоғарғы сеніміне қол жеткізіліп, соттардың жұмыс істеу тиімділігі артады. Сот төрелігін атқару кезінде сот сатылап құры­луы­ның барлық деңгейлерінде және сатыларында судьялардың тәуелсіздігіне ұйымдастырушылық-құқықтық кепілдіктер қамтамасыз етілетін болады. Сот жүйесін жетілдіру Заңды мүлтіксіз сақтау елдің ілгері дамуының негізгі шарттарының бірі болып табылады және осы тиімді әрі әділ сот жүйесі әрбір қазақстандықтың азаматтық құқықтарын: өмір сүруге, денсаулығына, меншігіне құқығын сақтаудың кепілі болып табылады.

Сот жүйесін жетілдіруге, халықаралық стандарттарға жауап беретін,  халыққа неғұрлым қолжетімді және толық көлемде тиімді әділ сотты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сот жүйесінің ұйымдастырылған құрылымын оңтайландыру, сот билігінің тәуелсіздігін нығайту,соттардың қызметінің айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, сот ісін жүргізуді одан әрі оңайлату, сөзбұйдалықты, соттар мен сот қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін жою, татуласу, медиациялық рәсімдерді қолдануды дамыту, соттарға бұдан әрі іс жүргізу іс-қимылдары мен адам мен азаматтың конституциялық құқықтарыны және бостандықтарын шектеуге байланысты шешімдерді санкциялау құқықтарын кезең-кезеңімен бөлу, қылмыстық үдерістегі құқықтар мен іс жүргізу функцияларында қорғау мен кінәлау тараптарының теңдігін қамтамасыз ету, сот ісін жүргізуге қатысушыларға сот инстанцияларына шағымдармен (өтініштермен) электрондық форматта жүгіну мүмкіндігін беру – электрондық сот ісін жүргізуді («е-сот») дамыту.

2020 жылға қарай - Сот жүйесін реформалаудың стратегиялық мақсаттары Қазақстан Республикасының “соттардың тәуелсіздігі” көрсеткіші бойынша дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі рейтингіндегі орны жиырма позицияға жақсарады. Сот жүйесінің тәуелсіздік және бейтараптық деңгейі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының міндеттемелеріне (адами өлшемдер саласында) сәйкес деп танылады.

 

БҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив