Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет   білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңес өткізді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңес өткізді

 

Білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимылдың 2019 жылғы және 1 тоқсандағы қорытындылары

 

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Қанат Сәрсембаевтың, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Ғылым қоры» АҚ басшылығының және еңбек ұжымының қатысуымен кеңес ұйымдастырды.

Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейі бұрынғыдай тұрақты жоғары. 2019 жылы осы салада 161 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркеліп, 143 қылмыстық іс сотқа жіберілді, 58 адам сотталды. Анықталған залал сомасы 2 еседен астам артты және 551 млн. теңгені құрады, оның 301 млн. теңгесі өтелді.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында білім саласында 106 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелді. Егер бұл көрсеткішті тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жалпы санымен салыстырсақ, сыбайлас жемқорлықтың әрбір 6 фактісі білім беру саласына тиесілі. Оларды жасағаны үшін 38 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, соттарға 92 қылмыстық іс жіберілді, 17 адам сотталды. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында анықталған залал 97 млн. теңгеден астам соманы құрады, 61 млн. теңгеден астам сома өтелді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жұртшылықпен өзара іс-қимыл негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыру бойынша жүйелі және кешенді жұмыс Агенттік қызметінің басымдығы болып табылады.

Агенттік Төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар өз сөзінде: «Осы мақсатта әрбір қылмыстық іс бойынша ҚПК-нің 200-бабының тәртібінде ұсыныстар енгізіледі, олар тікелей еңбек ұжымдарында қаралады. Мысалы, өткен жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласында 152 ұсыныс енгізді, олар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту жөнінде нақты шаралар қабылдауды ұсынды, 79 лауазымды адам түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп атап өтті.

Сонымен қатар Н.Шабдар: «Сонымен бірге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазалаудың бұлтартпастығы қағидаты одан әрі мүлтіксіз сақталатын болады. Бұл өткен жылғы білім беру саласындағы жоғары лауазымды адамдардың: вице-министр Э. Суханбердиева, Ұлттық тестілеу орталығының басшылары Р. Әлімқұлов пен Д. Жақсыбековтің, «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы А. Сұлтанғазиннің әшкереленуімен расталады», - деді.

Бұдан басқа, жергілікті органдар мен білім беру ұйымдары тәуекелдің ерекше аймағында қалып отыр. Сонымен, былтыр осы деңгейдегі 54 адам сотталды, оның ішінде 39 - орта білім беру (30 - мектептер, 8 -  әдістемелік оқу орталықтары, 1- колледж), 9 - мектепке дейінгі білім беру (барлық балабақшалар), 6 - білім басқармалары мен аудандық білім беру бөлімдерінің қызметкерлері.

«Мұндай істер бойынша шағын және орта бизнес, білім алушылар мен олардың ата-аналары, сондай-ақ олардан түрлі сылтаулармен ақшалай алымдар жүзеге асырылатын білім беру саласы қызметкерлерінің өздері зардап шеккен», - деді 1-ші департамент басшысы Мұрат Ахметов.

Жұртшылық тарапынан «Ғылым қоры» АҚ-ның қызметіне қатысты сұрақтар бар, осыған орай Агенттік оны тексеруге бастама жасады.

Бұл ұйымның қызметіндегі жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін түсіне келе, Білім және ғылым министрлігі Агенттікке оның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне толық талдау жүргізу туралы ұсыныс жасады.

Аталған талдау таяу арада жүргізілетін болады.

«Осыған дейін бұл салада, сонымен қоса Ұлттық ғылыми кеңестердің қызметінде тәуекелдер анықталды. Біздің ұсынымдар бойынша Білім және ғылым министрлігі бірқатар шаралар қабылдады, атап айтқанда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін 20-дан аса мүшені кеңестен шығарып,оның құрамы жаңартылды, отырыстардың онлайн-трансляциясы, қойылған баллдардың негіздемелері бар ашық дауыс беру, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың біршама жоғары балын жинағандардың жобаларын қарау енгізілді»,- деп атап өтті Агенттіктің превенция департаменті директорының орынбасары Тимур Теміралиев.

Т.Теміралиев өз сөзін қорытындылай келе, Білім және ғылым министрлігінің басшы құрамына өткен жылдың 10 желтоқсанында күшіне енген сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың соңғы өзгерістеріне сәйкес бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың жауапкершілігі туралы тағы бір мәрте ескертіп, отставкаға кету немесе тәртіптік жауапкершілікке тарту тетіктерін түсіндірді.

Жалпы, барлық сөз сөйлеушілер талқыланып отырған саладағы сыбайлас жемқорлықтың халықтың және жұмыс берушілердің отандық білімге деген сенімін біршама төмендететінін, педагог кәсібінің абыройы мен беделін түсіретінін, білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік сезімін нашарлататынын атап өтті.

Министрлік пен әкімдіктерге бұл мәселеге ерекше назар аудару ұсынылды.

 

ЕГЕР СІЗГЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ ТУРАЛЫ БЕЛГІЛІ БОЛСА, СІЗ 1424 CALL-ОРТАЛЫҒЫНА 24/7 РЕЖИМІНДЕ ХАБАРЛАСА АЛАСЫЗ.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив