1000-ға жуық солтүстікқазақстандық жемқорлыққа қатысты сұрақтарға жауап берді

1000-ға жуық солтүстікқазақстандық жемқорлыққа қатысты сұрақтарға жауап берді

Бұл туралы СҚО әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Ернар Баянғазин хабарлады.

1 тоқсанның қорытындысы бойынша сауалнамаға 1000-ға жуық солтүстікқазақстандық қатысты. Ең жас респонденттің жасы 15-те болса, ең үлкені – 65 жастағы зейнеткер.

Барлық жауаптардың 40%-ы ауылдарға, 50%-ы Петропавл қаласына және 10%-ы басқа өңірлерге тиесілі.

Онлайн-сауалнама қорытындысы бойынша тұрғындардың көпшілігі өңірдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін орташа (41%) деп атап өтті. Мұны «Транспаренси Қазақстан» ҚҚ-ның деректері де растайды.

«Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі – 17% респондент. 10% сыбайлас жемқорлықты мүлдем жоққа шығарды. Сондай-ақ, бірқатар жауаптарда өзінің қызметтік жағдайын пайдаланудан бас тартпайтын мемлекеттік қызметкерлер «әлі де бар екені атап өтілді», - деді Ернар Баянғазин.

Азаматтардың пікірі бойынша, сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалар: құқық қорғау, салық және кеден органдарының қызметі (47,2%), көлік және автомобиль жолдары (34,4%) және жер қатынастары (31,3%) болып табылады.

Ал дене шынықтыру және спорт (6,2%), әлеуметтік қорғау (12 %) және ауыл шаруашылығы (13,3%) салалары сыбайлас жемқорлық аз кездесетін салалар  тізімін толықтырды.

Зерттеудің үшінші блогы респонденттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын құрады.

Респонденттердің көпшілігі сыбайлас жемқорлықты үш жылда бір рет кадрлық құрамды ауыстыру, ротациялау, қызметкерлердің жалақысын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпараттық-үгіт жұмыстары, жазаны күшейту арқылы жеңуге болады деп санайды.

«Егер біреулері алдын алу шараларын жүргізуде айтарлықтай нәтиже көрсе, басқалары «тәрбиелік» шаралардың тиімділігіне сенбейді және жазалау тетіктерін күшейтуді талап етеді», - деп атап өтті Ернар Баянғазин.

Естеріңізге сала кетейік, 5-15 сәуір аралығында Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлықты түйсіну деңгейі бойынша халыққа әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Зерттеу нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру мақсатында пайдаланылатын болады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив