Татулыққа талпынғанға не жетсін!

Татулыққа талпынғанға не жетсін!

Медиация заң қабылданып, қоғамымызға медиаторлар институтының енгізілуі – билер мұратын жаңғыртудың айқын көрінісі. Татуластыру, табыстыру билер сотының түпкі мақсаты. Бұл мақсатты бүгінгінің билері де жоғары деңгейде жалғастыруда.

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттік» атты Жолдауында адами капиталдың сапасын жақсартуды тапсырды. Бұл процесте әлеуметтік медиация тетіктері маңызды рөл атқарады.

Медиацияның соттағы іс жүргізу процесінен айырмашылығы –еркіндігінде. Рәсім сипаты жағынан жария емес. Мұнда тараптарға медиаторды тандау мүмкіндігі берілген. Сотта шешім құқық пен заң нормалары негізінде қабылданса, медиация рәсімінде шешім тараптардың өз мүдделерінің келісімге келуі негізінде қабылданады.

Азаматтық істі сотта қарағанға дейін жасалған дауды реттеу туралы келісім тараптардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған мәмілені білдіреді. Сот тәртібінде қарастыруға тиісті даулардың санын қысқартып, оларды шешудің баламалы тәсілдерін қолдану – адам құқықтарының әділ сақталуының кепілі.

Еліміздің Жоғарғы Соты бабалардың бай мұрасын заманға сай жаңғыртудың жолдарын қарастырып келеді. Жоғарғы Сот төрағасы елге үндеу жариялап, онда жұртшылықта екі ауыз сөзбен елдің тағдырын шешкен ата-бабаларымыздың дәстүрімен бәтуалы бітімге келтірудің жолын іздеуге шақырды. Қатулықтан гөрі татулыққа талпынудың тиімді екенін жан-жақты саралап берді.

Осы бастамашылықты қолдай отырып, дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан билік институтының құқықтық нормаларды реттеудегі озық үлгілерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге тиіспіз.

 

Н.Жакупова

Жаңақала аудандық сотының кеңсе жетекші маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив