Көп балалы отбасыға сот ұжымымен қайырымдылық көрсетілді

Көп балалы отбасыға сот ұжымымен қайырымдылық көрсетілді

 

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотының ұжымы көпбалалы отбасыға қайырымдылық көмегін көрсетті.

2020 жыл Қазақстанда «БІРГЕМІЗ» девизімен ЕРІКТІЛЕР жылы болып бекітілді. Еріктілердің басты бағыты – ол халыққа әлеуметтік көмек көрсету. Оның ішінде - қарт адамдар мен көпбалалы отбасылар және мүмкіндігі шектеулі жандар. 

Орал қаласында қазіргі таңда  2 және 17 жас аралығындағы алты бала, оның екеуі – мүгелек, тәрбиелеп отырған осындай көпбалалы  отбасылардың бірі – 67 жастағы Күлән Қисметованың әулеті. Отбасының тұрғылықты үйі болмағандықтан, қаланың «Ескі әуежай» ауданындағы жалдамалы үйге қоныстанған.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында сот ұжымы әжейді құттықтап, отбасыға қажетті азық-түлік пен балаларға киім-кешектер табыс етті. 

Өз кезегінде К.Қисметова соттың еріктілер тобына ризашылығы мен  алғысын білдірді, ұрпақтар болашағы жарқын болса деген ізгі ниетін білдірді.

 

Олеся Ташимова

Орал қаласының №2 соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив