Сот күдіктіні күзетпен үстауға санкция берді

Сот күдіктіні күзетпен үстауға санкция берді

 

Өздеріңізге белгілі, 2019 жылдың 27 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен еліміздің бірқатар заңнамалық акітелеріне, соның ішінде көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (ҚР ҚК-нің 14-тарауы). Кебір қылмыстар түрлерінің алдын алу және олармен күресті күшейту мақсатын, ҚК-тің кейбіп баптарының санкциялары қатаңдатылды.

Атап айтқанда, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі, егер ол абайсызда көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылысжайларын және өзге де құрылысжайларды не өзге мүлікті бүлдіруге, сол сияқты адамның денсаулығына жеңіл зиян келтiруге алып келген әрекеттер белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады (ҚР ҚК-нің 346 бабының 2 бөлігінің жаңа редакциясы).

Жуырда Жаңақала аудандық сотымен Жаңақала ПБ-нің анықтаушысының ҚР ҚК-нің 346 бабының 2 бөлігімен айып талғылған күдікті М.-ға қатысты күзетпен ұстау туралы бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхаты қаралды.

Сот, тараптардың пікірін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, күдік осының алдында ҚР ҚК-нің 346 бабының 1 бөлігімен жауапқа тартылғанын ескеріп, оның тарапынан аталған санаттағы қылмыстық құқықбұзушылықты қайталап жасалуын бодырмау мақсатында, күзетпен ұстау туралы бұлтартпау шарасын санкциялау қажет деп тапты.

Алайда, сонымен қатар, сот күдіктінің тергеуден және соттан жасырынады деп пайымдауға жеткілікті негіздер іс құжаттарымен қуатталмайды деп тауып, ҚПК-нің 148-бабы 8-бөлігіне сәйкес, күдіктінің ҚПК 140-бабының 3-бөлігі шеңберінде міндеттерді орындауын қамтамасыз ету үшін 4 000 000 теңге көлемінде кепіл мөлшерін айқындады.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Жаңақала аудандық сотының

бас маман - сот мәжілісінің хатшысы

М.Бақтығұлов

Батыс Қазақстан облысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив