Азаматтық істер бойынша шешімдерді дайындаудың жаңа форматы

Азаматтық істер бойынша шешімдерді дайындаудың жаңа форматы

 

Қазақстан Республикасының Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының жүзеге асуы туралы» 2019 жылғы 10 қыркүйектегі №152 Жарлығының жүзеге асуы бойынша Жалпыұлттық жоспарының  12 тармағын орындау мақсатында ҚР Жоғарғы Сотымен азаматтық істер бойынша шешімдерді дайындаудың және түсіндірудің жаңа форматы дайындалды.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 базалық сотында аталған ұсыныстарды оқу және талқылау бойынша семинар өтті.

Іс-шараға сот төрағасы Азамат Борамбаев және сот судьялары қатысты.

Сот судьясы Салтанат Құрманбаева қатысушыларды берілген ұсыныстармен таныстырды. ҚР ЖС Ұсыныстарында көрсетілген талаптардың орындалуы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссиямен судьялардың кәсіби құзыреттілігі жөнінде кезекті тексеріс кезінде және жоғары лауазымға сәйкестігі туралы қорытынды дайындар кезде ескерілетінін атап өтті.

Өз кезегінде сот төрағасы істерді қарау көрсеткіштеріне тоқталып, жұмыстың оң бағытындағы беталысын, сонымен қатар орын алған кемшіліктерді ерекше назарда ұстау қажеттігіне көңіл бөлді.

Шара соңында қатысушылар семинардың маңыздылығын атап өтті.

 

О.К.Ташимова

Орал қаласының №2 сотының БАҚ-пен жұмысқа жауапты маманы

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив