Бәйтерек аудандық сотында заңдарға енгізілген жаңашылдықтар талқыланды

Бәйтерек аудандық сотында заңдарға енгізілген жаңашылдықтар талқыланды

 

         "Дөңгелек үстелге" қатысушылар қылмыстық кодекс пен әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулерді талқылады. Оның жұмысына прокуратура және ішкі істер органдарының қызметкерлері, Бәйтерек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ АХАЖ бөлімінің қызметкерлері қатысты.

         Сөз сөйлеу барысында, сот төрағасы Роза Сариева бірқатар қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған № 292-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», сондай-ақ № 300-VІ «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілгені туралы хабардар етті.

         Түзетулер туралы мәлімет бере отырып, сот төрағасы қатысушылардың назарын негізгі, мұндай өзгерістерге бағыттады Заң күшіне енгенге дейін мас күйінде жүргізгені үшін жүргізушіге үш жылға құқығынан айыру жазасы тағайындалса, соңғы өзгерістерге сәйкес, енді құқық бұзушыларды ҚР ӘҚБтК 608-бабының санкциясы бойынша он бес тәулікке қамау мен жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы күтеді,  құқық бұзушылықты қайталап жасау неғұрлым қатаң жазаға әкеп соғады.

         Өз кезегінде судья Амангелді Тюлегенов жол қозғалысы ережесін масаң күйінде бұзғаны үшін қылмыстық кодекске жаңа енгізілген 345-1 бабының санкциясы бойынша қылмыстық жауаптылық жеті жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтінін айтты.

         Сонымен қатар, қабылданған түзетулермен үй-жайға, қоймаға немесе көлік құралына кірумен жасалған ұрлық, тонау және қарақшылық жасағаны үшін жауапкершілік күшейтілгендігін. Олар ауыр қылмыстар қатарына ауыстырылғандығын және олар бойынша татуласу мүмкіндігі болмайтындығын атап өтті.

         Сондай-ақ, қатысушылар зорлау, браконьерлік, есірткіні тарату, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспектордың, қорықшылық қызметтің өміріне қол сұғу қылмыстарына, сондай-ақ басқа да қауіпті құқық бұзушылықтар бойынша енгізілген өзгерістер туралы және әкімшілік құқық бұзушылықтың 63 құрамын соттың қарамағынан мемлекеттік органдарына берілгендігі туралы хабардар етілді.

         Іс-шара барысында қатысушылар заңды іс жүзінде жүзеге асыру бойынша пікір алмасты, құқық қолдану тәжірибесінде туындауы мүмкін мәселелер талқыланды.

 

         БҚО Бәйтерек аудандық сотының

          кеңсе меңгерушісі Т.М.Макишев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив