Сот төрағасы судьялармен әдеп кодексінің сақталуы жөнінде семинар-кеңес өткізді

Сот төрағасы судьялармен әдеп кодексінің сақталуы жөнінде семинар-кеңес өткізді

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотының төрағасы Азамат Борамбаев судьялармен судья әдебінің сақталуы тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Іс-шара барысында А.Борамбаев судья жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғаудың үйлесімді үндестігін қамтамасыз ететін, тәуелсіз сот төрелігін қолдауға негіз болып табылатын, жұртшылықтың сот төрелігі жүйесіне сенімін нығайту мақсатында мінез-құлықтың жоғары стандарттарын көрсетуге және ұстануға міндетті екенін атап өтті.

Судьяларға ел Президентінің қойған негізгі міндеттерін еске сала отырып, спикер сот істерінің қаралуын жеделдету, сот өндірісін жеңілдету және төрешілдік рәсімдерді азайту бойынша сот жүйесінің алдында маңызды міндеттер тұрғанын айтты.

Кеңесте сот судьялары сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту бойынша өз ойларын білдірді.

Орал қаласының № 2 соты судьяларының судья әдебі мен мінез-құлық ережелерінің нормаларын сақтау мақсатында, сот төрағасы А.Борамбаев кәсіби және әдеп нормаларын кез келген бұзушылық, заңға сәйкес судьяны тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылатынын, ал судьяға қатысты азаматтардың өтініштері бойынша заң бұзушылық үшін, қоғамдық ықпал ету шаралары қабылдануы мүмкін екенін хабарлады.

Семинар-кеңес барысында спикерлер судьялармен кәсіби дағдыларды жетілдіру бойынша ұйғарымдар дайындады.

 

Олеся Ташимова

Орал қаласының №2 соты

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив