Заңдарды талқылау және түсіндіру

Заңдарды талқылау және түсіндіру

 

         Ақжайық аудандық сотының төрағасының міндетін атқарушы Асхат Гапуов аудандық полиция бөлімінің ғимаратында  Ақжайық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесті.

         Іс-шараға полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық прокуратура және БАҚ өкілдері қатысты.

         Кездесудің мақсаты – Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 292-VІ ҚРЗ

Заңын және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 300-VІ ҚРЗ Заңын талқылау және түсіндіру.

       Шара барысында сот төрағасының міндетін атқарушы Асхат Гапуов азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға және қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгені туралы, сексуалдық зорлық-зомбылыққа, педофилияға, есірткі бизнесіне, адам саудасына, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа және жеке адамдар мен балаларға және басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазаның қатайтылғаны жөнінде айтып жеткізді.  Сонымен қатар,  әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінен мемлекеттік органдарға берілген құрамдар туралы хабарлап, заңдарды қолдану тәртібін түсіндіріп өтті.

        Шара соңында қатысушылар қойылған сұрақтарына жауаптар алды.

 

 

Ақмарал Нұрым.

Ақжайық аудандық сотының

кеңсе меңгерушісі

                          

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив