Медиаторлармен кездесу

Медиаторлармен кездесу

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында   Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы шеңберінде Батыс Қазақстан облысының ауыл, аудан және қала деңгейіндегі «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасы бойынша кездесу өтті.

Аталған шараға этномәдени бірлестіктердің  мүшелері, БҚО ҚХА барлық деңгейдегі қоғамдық келісім кеңестері, Жаңақала аудандық сотының төрағасы Сабыржан Есжанов,ҮЕҰ, мемлекеттік және құқық қорғау органдары, қоғамдық медиаторлар, жастар қоғамдық бірлестіктері және БАҚ-ның өкілі қатысты.

Шара барысында  «Дебат» форматында  БҚО ҚХА «Татуласу» орталығының басшысы  Алуа Ракишеваның жүргізуімен,  «Медиация және дебаттар: жанасу нүктесі» тақырыбы бойынша қоғамдағы дау-жанжалды азайту, медиацияның басымдықтарымен тиімділігі, тәрбиелік мәні, татуласу әдістерімен медиатордың атқаратын жұмыстарының өзгешеліктері туралы сұрақтар талқыланды.

Жаңақала аудандық сотының төрағасы Сабыржан Есжанов сотпен қаралған азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша мәліметтерді жариялап, сотпен медиацияны қолдану және  сотқа дейін медиациямен тараптардың татуласу ерекшеліктерін  айтып жеткізді.

Шараға қатысушылар басқа да сұрақтарға жауап алып, түсіндірілген ақпараттарға ризашылықтарын білдірді.

 

А.Рысқалиева

Жаңақала аудандық сотының кеңсе бас маманы

Батыс Қазақстан облысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив