Тиімді мемлекет құрудағы сот жүйесінің рөлі

Тиімді мемлекет құрудағы сот жүйесінің рөлі

Құқықтық мемлекет белгісінің бірі – сот билігінің заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарына тәуелсіз қызмет атқаруы болып табылады.

Қазіргі заман құндылығы, сот төрелігі сонау ғасырлардан қазақ билерінің төреліктерімен сабақтасып, үндесіп жатқандығы біздерге көп нəрсені меңзесе керек, яғни оған өткен заманнан бізге өткен «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген бабамыздан қалған аталы сөзі  біздерді,  жаңа  тəуелсіз  соттардың  судьяларын əділ сот төрелігін жүргізуге жетелейтіні шындық. Қазақстан Республикасындағы үшінші билік – сот билігі.

Сот билігінің мемлекетіміздің құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы үшін маңызы өте зор. Республикамызда сот беделі асқақ, мерейі үстем, мемлекеттік жоғарғы  орган    болып  танылады.  Сот   билігі мемлекеттің негізін құрайтын, əлеуметтік, экономикалық, саяси жəне демократиялық даму жолындағы басты тетіктердің бірі. Азаматтардың сот билігіне сенім білдіруі сот төрелігін тиімді жүзеге асыруға тікелей əсер етеді. Сондықтан да пəрменді жəне тəуелсіз сот билігі мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланыстың кепілі əрі азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың басты құралы болып табылады.

         Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы күндерден бастап, құқықтық жүйенің кәсіби, әрі адал қызметін жолға қоюда аз жұмыс істелінген жоқ. Ең бастысы, соттар мен судьялар қағаз жүзіндегі емес, іс жүзіндегі тәуелсіздікке қол жеткізді. Соттардың тәуелсіздігіне біздің Конституциямыз да кепіл.

Жалпыадамзаттық игі және озық мұраттарды мемлекет іргетасына негіз еткен еліміз Қазақстан Республикасында жоғары биліктің бөлінуі, тепе-теңдік жүйесінің қалыптасуы, сот саласының реформаланып, тәуелсізденуі және күшеюі 1995 жылы қабылданған Конституциядан бастау алады десек қателеспейміз.

Қоғамдағы заң үстемдігін толықтай қамтамасыз етіп, мемлекет атынан адам тағдырын тепе-теңдік жағдайда шешетін, ел таныған Ұлт көшбасшысының өзі Жарлықпен тағайындайтын ең мәртебелі лауазым иелері - судьяларға антқа адалдығын сақтап, әділ шешім шығарып, халықтың сенімі мен құрметіне бөленуден асқан абырой жоқ.

Сондықтан, Қазақстан Президентінің Жарлығымен бекітілген 2010-2020 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты туралы Концепциясына сәйкес сот өндірісінің барлық сатысы жетілдіріліп, судья мәртебесін көтеруде, сот процестерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуді жетілдіруде күрделі жұмыстар атқарылды. Шетел сыншылары Қазақстан сот жүйесін жетілдіруде бұрынғы Кеңес дәуірі елдері ішінде көш ілгері алда келе жатқанын мойындап отыр. Бүгінгі күні елімізде құқықтық мемлекетке қойылатын талаптарға сай, Конституцияны бұлжытпай орындап, азаматтардың құқықтарын, еркіндіктерін, заңды мүдделерін қорғау мақсатында жүктелген міндеттерді атқара алатын толық қанды сот жүйесі бар. 

Ал тәуелсіз сот - адам құқығының сақталуының кепілі және сот қызметінің тиімділігі мен олар шығаратын шешімдердің заңдылықтарға сай болуы және мүлтіксіз орындалуы кез-келген мемлекеттің демократиялық негіз болып табылады

 

Бейбітжан Кабылбеков 

Нұр-Сұлтан қаласы

Алматы аудандық сотының судьясы                        

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив