Іс-әрекеттегі медиация

Іс-әрекеттегі медиация

 

Қазіргі таңда азаматтық іс жүргізудегі дауларды шешу барысында ҚР ның АПК-нің 17- ші бөліміне сай баламалы татуластыру  әдістерін қолдану мүмкін болып отыр.

Медиация тараптарды татуласатыру кезіндегі рәсімнің бір түрі,дауды жан-жақты және тараптардың өздерінің ерікті келісуі арқылы медиаторлардың қатысуымен дауы шешу жолы болып табылады.

Балаларға қатысты барлық даулар бойынша әрбір ата-ана өз ұстанымын айқындай отырып және медиаторлармен ақылдасып,баланың ойымен де санасып,өз еріктерімен дауды келісу арқылы шешкен дұрыс.

Бітімгершілік дауларын шешу кезінде әрбір ата-ана өз ойын білдіреді,міндетті түрде баланың да ойы тыңдалады және келісім жасау  кезінде  барлығы тараптардың келісуімен жасалады. Келісім жасау тараптардың өз ойын, қалауын ашық айтуға,жеткізуге және психологиялық көмек алуға үлкен әсерін әрі көмегін тигізеді.

Отбасылық дауларды шешу кезінде ҚР «Медиация» туралы 25 заңында медиатор медиациялық келісім жасауы кезінде баланың құқығы бұзылмауын,баланың  да қалауын ескеру қажеттігі айтылған.Сонымен қатар медиациялық келісім жасау кезінде баланың жасы,психологиялық даму өрісі және ерекшеліктері ескеріледі.

2019 жылдың 11 айында БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 70 азаматтық іс бойынша медиативтік келісім бекітілген.Оның ішінде әкелікті анықтау және алимент өндіру- 2, алимент мөлшерін өзгерту – 28, балалардың тұрғылықты жерін анықтау – 26, баламен кездесу тәртібін анықтау - 14 азаматтық іс бойынша.Салық және АПК-нің заңнамаларына сай талап арыз беру кезіндегі  төленген мемлекеттік баж тараптар дауды бітімгершілік келісімдерімен шешкен жағдайда төленген мемлекеттік баж қайтарылады.

Осылайша балаларға қатысты дауларды шешуде медиацияны қолдану мемлекет саясатының жетекші бағыттарының бірі болуы және балалардың өмір сүру сапасын арттыру үшін қажетті жағдайлар жасауға себепші болатын жолдардың бірі деп айтсақ болады.

 

 

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив