Дүниежүзілік Банк өкілдері  Батыс Қазақстан облысы соттарында болды

Дүниежүзілік Банк өкілдері Батыс Қазақстан облысы соттарында болды

 

Әділеттілік  секторын Институцианалдық нығайту пилоттық жобасы аясында Дуниежүзілік Банкінің өкілдері Орал қаласына келіп, Орал қаласының №2 соты мен Батыс Қазақстан облыстық сотын, сонымен қатар, ағымдағы жылы ашылған Татуласу Орталығында болды.

Дүниежүзілік Банкі делегациясының  құрамында мемлекеттік басқарудың  аға маманы Валид Малик, институционалдық даму жөніндегі маманы Клара Магани болды. Кездесуге облыстық сот төрағасы Бек Әметов, БҚО бойынша Соттар Әкімшісінің басшысы Нұрлан Қажғанов, сонымен қатар облыстық соттың татуластырушы-судьясы Ерлан Идиров қатысты.

          Шетелдік қонақтардың келуінің басты мақсаты - аймақтық соттардың медиация институтын қолдану аясын енгізу мен кеңейту және осы бағыттағы қызметті  жетілдіруде түрлі органдармен бірлесіп атқарған жұмыстарымен танысу болды. Медиация институты туралы тұрғындардың хабардар болуы, соттарға жүктемені төмендетудегі медиатор қызметтерінің тиімділігі, соттардың медиация институтына деген сенімді арттыру және заңнаманы жетілдіру туралы ұсыныстары дүниежүзілік банк өкілдерінің қызығушылығын тудырды.

Кездесу барысында облыстық сот төрағасы Б.Аметов қонақтарға соттарда бітімгершілік рәсімдерді қолданудың негізгі бағыттары, атап айтқанда, медиацияны соттан тыс және сотта дамыту жобаларын іске асыру туралы айтты. Сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттырудағы және соттарға жүктемені төмендетудегі жүргізіліп жатқан сот реформаларының негізгі жаңашылдықтары мен рөлі, қоғамдағы жанжалдарды азайту және дауларды бейбіт жолмен реттеу мақсатында медиацияны кеңінен таратудың ұсынылған тетіктері түсіндірілді.Сонымен қатар қонақтар сот ғимаратымен, сот отырысы залдарымен, қоғамдық  қолжетімді орындармен (фойе), судьялардың  және кеңсенің  кабинетерімен танысты. Сондай-ақ, Төрелік  ақпараттық жүйесі, сот кеңсесінің қызметі және АБЖ жүйесінің мүмкіндіктері таныстырылды.

 

 

 

 Қанатбаева Н.

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің басшысы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив