Жаңа туған сәбиді  ұрлағаны үшін сотталды

Жаңа туған сәбиді ұрлағаны үшін сотталды

 

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2019 жылғы 04-ші желтоқсандағы үкімімен А.Е. ҚР ҚК-нің 125 бабының 5,8 тармақтарымен кәмелетке толмаған баланы пайдакүнемдiк ниетпен ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.

          Сот, А.Е. қылмыстық кодексте көрсетілген баптар бойынша кінәлі деп таныды, себебі ол 06 қараша 2017 жылы ҚР ҚК-нің 190 бабы 2 бөлігі 2 тармағымен 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеуге сотты бола тұра, кәмелетке толмаған балаға қатысты ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған. Яғни 08 шілде 2019 жылы А.Е. бала асырап алушыларға баланы беру үшін алдын ала олардан 800 000 мың теңге алып, оны қайтармау мақсатында 03 шілде 2019 жылы жаңа туылған Ж. Тараз қаласындағы «Жамбыл облыстық перинаталдық орталығы» КМҚК-дан ұрлап кеткен.

       Сонымен қатар, А.Е. асырап алушыларды алдап, баланың биологиялық анасы тастанды шала туылған баладан бас тартқанын (анасы бас тартқанын) және баланың стоционарлық емделуде жатқанын және стоционарлық емделуде жатқандығына оларды сендіріп, 2019 жылдың наурыз айынан бастап шілде айына дейін баланың емделуіне кеткен шығын ретінде барлығы 800 000 мың теңгені құрайтын бірнеше төлемдермен ақша қаражатын алып отырған.

        ҚР ҚК-нің 125 бабының 2 бөлігі 5,8 тармақшаларының жазалау ретіндегі санкциясында – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

       ҚР ҚК-нің 11-бабының талаптарына сәйкес А.Е.-ның жасаған қылмысы ауыр қылмыстар санатына жатады.                   

         ҚР ҚК-нің 55 бабы 2 бөлігінің 2 тармағына сәйкес жасалған қылмыс белгісі ретінде көзделмеген жеңілдететін мән-жайлар болмаған жағдайдв, ауыр қылмыс жасаған кезде жазаның мерзімі немесе мөлшері тиісті бапта көзделген жазаның ең жоғарғы мерзімінің немесе мөлшерінің үштен екісінен аспауы тиіс.

          Сондықтан сот ҚР ҚК-нің 125 бабы 2 бөлігі 5,8  тармақтарымен А.Е.-ны сегіз жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға құқығы жоқ.

        Сот үкімімен А.Е. ҚР ҚК-нің 125 бабының 5, 8 тармақтарымен кінәлі деп танып, өзінің кінәсін мойынағанын, істеген әрекеті үшін өкінетінін, кәмелетке толмаған 5 айлық және 4, 2  жастағы үш баласының барын ескеріліп, ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы анықталған.

 ҚР ҚК-нің  60 бабының 1 талаптарына сәйкес, соттың  06 қараша 2017 жылғы үкімімен жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы түпкілікті  7 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу тағайындалды.   

Сотталған А.Е.-нің Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қорына 20 АЕК мөлшерінде мәжбүрлі төлем өндірілді.

Соттың үкімімен сотталушы А.Е.-нің кәмелетке толмаған баллары әкесінің қамқорлығында қалдырылды.

         Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

       

  Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив