Отбасы құндылығын қастерлеудің болашақ ұрпақ үшін маңыздылығы

Отбасы құндылығын қастерлеудің болашақ ұрпақ үшін маңыздылығы

Отбасы және отбасының құндылығы қай заманда болмасын бір-бірімен етене тығыз байланысты ұғымдар. Отбасы атты іргетас арқылы адамның барлық өмір жолы қалыптасады емес пе? Отбасы – өмірдің есігін ашқан жаңа адам үшін алғаш мектеп болып табылады. Осы ортада ол сыртқы дүниемен танысып, өмірдің түрлі қиындықтарына төтеп беру үшін өзінің қабілетін қолдануды үйренеді. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады, болашақ өмірі де отбасында санасына сіңірген ілім, рухани және мәдени тәлім-тәрбие, дәстүрлі құндылықтар арқылы қалыптасады, сөйтіп ол қоғамның белді мүшесіне айналады.

Тәрбиенің тірегі танылатын отбасында бала естіген, көрген және білгенін қалыпты жағдай ретінде қабылдап, сол қағидаттармен өсіп, жетіледі. Сәйкесінше, ата-ана өзінің мінез-құлқы мен қарым-қатынас әдебі арқылы бала бойына ұлттық болмысын, отбасы мәдениеті мен құндылықтарын сіңіреді.

  Отбасы құндылығын кез-келген тұлға өзінің  рухани,  мәдени,  ішкі дүниетанымының деңгейіне байланысты қабылдап, түсінеді. Көп жағдайда, отбасын құрған екі индивидум өзінің отбасында алған тәлім-тәрбие, мәдениет пен ұстанымдарын жаңа құрған шаңыраққа алып келеді. Отбасында орын алатын көптеген түсініспеушіліктер мен қарама-қайшылықтар да осы тұрғыдан болуы әбден ықтимал.

Соңғы уақытта қоғамның әлеуметтік және экономикалық салаларындағы елеулі өзгерістер мен дамулар салдарынан отбасы құндылығының жаңа түсінігі қалаптасып жатыр. Қоғамдағы хал-ақуал,  заманауи көзқарас адамның рухани танымдық және тәрбиелік өрісін де өзгертті.

Отбасы мәселесі, отбасы құндылығына мемлекет тарапынан ден қойылып, тиісті шаралар атқарылып жатқанымен де, соңғы уақытта отбасының ойрандауы мен отбасы құндылығының құнсызданып бара жатқанын  еріксіз көзің шалады.  Бұған некені бұзу туралы арыздардың өсуі  куә, кісі өліміне жетелеп жатқан  тұрмыстық зорлық-зомбылық  та жоқ емес.

    Көпке мәлім, 2018 жылдан  бастап   «Отбасылық сот» пилоттық жобасы некені бұзу, алимент өндіріп алу, мүлікті бөлу секілді дауларды қарайтын Алматы аудандық сотында, баланың тұрғылықты жерін немесе онымен қарым-қатынас тәртібін анықтау мәселелерін қарайтын ювеналды сотта және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін қарастыратын мамандандырылған әкімшілік сотта іске қосылды. 

Бүгінде Отбасылық сот ерлі-зайыптылардың арасындағы қақтығыс деңгейін төмендетіп қана қоймай,  отбасы құндылығын дәріптеп, отбасын сақтап қалуға және баланың толық отбасында қалыптасып, жетілуіне ықпал етіп отыр.

 

Аталмыш жоба жұмысына психологтар да тартылды. Олар отбасыларды  татуластыруда белгілі бір рөл атқаруда. Осының нәтижесінде некені бұзу туралы талап қою арыздары кері қайтарылуда. Мұның өзі аяқталған істердің жалпы санының 40%-ын құрайды. Іс жүзінде өтініш берген жұптардың үштен бірі соттардың көмегімен татуласып отыр.   

 Осы жылғы 10 айдың ішінде  елордалық соттарда 2724 неке бұзылған, 435 жұп медиация тәртібінде татуласып, 1162 ерлі-зайыптыларға отбасы психологына жүгіну ұсынылған.

«Отбасылық сот» пилоттық  жоба шеңберінде жұмыс жасап жатқан судья Майя Қасымованың пайымдауынша, жас жұптардың ажырасуының негізгі себебі – бұл олардың қарым-қатынасты құрудағы сауатсыздығы. Отбасын құрған жастар өздерінің ата-ана болатынын, дүниеге әкелген балалар үшін жауапты болатынын ойламайды. Отбасын материалдық тұрғыдан бағып-күту олар үшін ауыртпалық болып саналады.  

    Әкімшілік сотта отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты нақты істерді қарау кезінде «Наркология және психотерапия орталығының» дәрігерлері, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының, «Үміт» дағдарыс орталығының мамандарын, «Право» қоғамдық қорының психологтарын, Нұр-Сұлтан қаласының психологиялық қызмет көрсету орталығын тарту жөнінде көптеген шаралар қабылданып жатыр.

     Болашақта отбасылық-неке қатынастарынан туындайтын дауларды шешетін бірегей «Отбасылық сот» құру да жоспарға алынып отыр. Бұл өз кезегінде  отбасы дауларының барлық санаттарын бір сотта қарау дауды кешенді түрде шешуге мүмкіндік беретінін көздеп отыр.  

Бақытты отбасының өзі кездейсоқ жәйт емес, бұл қажырлы еңбектің нәтижесі. Бақытты отбасын құру кез-келген тұлға үшін  күш-жігер, уақыт пен қуатты талап ететін жауапты жұмыс. Отбасындағы адалдық, сыйластық, икемділік, кешірімділік таныту, жауапкершілік қасиеттері салт-дәстүрмен ұштасқан жағдайда ол үлгі тұтатын ерекше отбасына айналады. Мұндай отбасы мүшелерінің арасында береке де, ауызбіршілік те болады. Мұндай отбасындағы жылулық пен сыйластықтың нәрін сусындаған бала да болашақ отбасылық өмірде қателікке жол бермеуге тырысады.    

Ал осы отбасылық құндылықтар қалай сақталмақ? Ол үшін өзіңе қандай тәрбие беру керек? Қандай іс-әрекеттердің алдын-алу қажет? Отбасы ойрандауының басты себептері қандай? Осы сауалдарға Нұр-Сұлтан қалалық сотының бастамасымен өткен семинар барысында судьялар, психологтар мен арнайы мамандар жауап берді. Сот саласындағы жас буынның арасында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру және рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында өткен семинар барысында маңызды ақпараттардан  құлағдар болдық. 

Сарапшылар заманауи отбасында туындайтын әлеуметтік және құқықтық мәселелерге, отбасылық құндылықтардың қажеттілігіне тоқталды. Ажырасу істерін қарайтын судьялар жасаған талдау бойынша ажырасудың басты себептері ретінде құмар ойындарға тәуелділік пен опасыздық танылады.

Дәрігер, психотерапевт Ольга Когай кездесуде ойынға тәуелділік, яғни лудомания адамның өзіне-өзі және өз өміріне көңілі толмауынан,  жалғыздықтан пайда болатынын тілге тиек етті. Ойын құмарлығына салынған адам қаржылай қиындықтарға тап болудан бөлек, отбасынан айырылуы мүмкін. Өзіне-өзі қол жұмсайтын адамдардың басым көпшілігі лудомандар. Олар үшін өмірдің де, отбасының да құны жоқ. Ойын құмарлығына берілген адамдар күнделікті уақытын бүгін жеңіске жетем деген ұранмен өткізіп, шынайы өмірде жетпеген жетістігін ойын әлеміндегі табыспен алмастырып, алдамшы күн кешеді екен. Дәрігердің айтуынша, бұл аурудан толығымен айығу екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімде арнайы емделуден өтуді талап етеді.

Жаттықтырушы-медиатор, психолог Мира Жасқайрат отбасының негізін қалайтын себептер мен көрсеткіштерге толығырақ тоқталып өтіп, ажырасудың алдын-алу жолдарын айтып өтті.  Психолог жас отау құрған жандардың  проблема туындаған сәтте қызуқандылыққа салынбай, әрбір шешімді ой елегінен өткізіп, отбасын сақтап қалуға мүмкіндік жасау қажеттігін түсіндірді.

 Психолог, гештальт-терапевт Қайрат Нұрмағанбетов жас мамандарға  бақытты обасын құрудың жолдарын айтып өтті. Психологтың пікірінше жас жұптар отбасылық өмірді бастамас бұрын отбасылық өмір сүрудің жағдайын талқылап, өзара тиімді келісімге келуі қажет.

Кездесуден түйгеніміз, кез-келген проблемалық мәселе туындаған сәтте, адам өзгені кінәлауға көшпестен бұрын,  өзін-өзі тәрбиелеу жұмысын қолға алуы керек. Қандай болмасын қақтығысты бейбіт жолмен шешуге болады, қиындықтарды еңсеру арқылы ғана  нағыз бақытты отбасын құруға мүмкіндік бар.

 

 

Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз хатшысы

Ботагоз Баянова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив