Сот мамандары отбасылық құндылықтарды тәрбиелеу әдістерімен танысты

Сот мамандары отбасылық құндылықтарды тәрбиелеу әдістерімен танысты

Отбасылық құндылықтарды қалыптастыру және рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында елордалық соттардың мамандары үшін Тәуелсіздік Сарайында судьялар, психологтар және дәрігерлердің қатысуымен семинар болып өтті.

Дәріс оқушы ретінде дәрігер психотерапевт Ольга Когай, жоғарғы құқық мектебінің профессоры, тренер-медиатор Мира Жасқайрат, психолог, гештальт-терапевт Қайрат Нұрмағанбетов сөз сөйледі.

Кездесудің модераторы, Алматы аудандық сотының судьясы Майя Қасымова жастар арасындағы некелердің бұзылуының күн санап арту үстінде екенін атап өтті. Өткен кезеңде ғана елордалық соттарда 2724 неке бұзылды, 435 отбасы жұптары татуласып, 1162 ерлі-зайыптыларға отбасы психологына жүгіну ұсынылған. Сонымен қатар, судья отбасының бұзылуына әкеп соқтыратын негізгі себептері ретінде ерлі-зайыптылық опасыздық пен ойынға тәуелділікті атап өтті.

«Жас жұптардың ажырасуының негізгі себебі – бұл олардың қарым-қатынасты құрудағы сауатсыздығы. Отбасы құрған жастар өздерінің  ата-ана болатынын, дүниеге әкелген балалар үшін жауапты болатынын ойламайды. Отбасын материалдық тұрғыдан күтіп бағу олар үшін ауыртпалық болып қабылданады», – деді өз сөзінде судья.

Кездесу барысында заманауи отбасында туындайтын әлеуметтік және құқықтық мәселелер, отбасылық құндылықтар мен отбасының құндылықты бағдарларын зерттеу мәселелері, сондай-ақ ойын тәуелділігінің негізгі белгілері мен олардың алдын алу жолдары ортаға салынды.

Дәрігер психотерапевт Ольга Когай өз сөзінде  ойынға құмарлықтың дамуының негізгі себептері – бұл жалғыздық, өзіне-өзі және өз өміріне қанағаттанбау, көңілі толмау сезімі екенін атап өтті. Лудоман үшін отбасы құнсызданады. Көп жағдайда бұл аурудан айығу екі жылдан бес жылға дейінгі уақытты қажет етеді.

Жаттықтырушы-медиатор, әлем психологы Мира Жасқайрат отбасының негізін қалайтын себептер мен көрсеткіштерге толығырақ тоқталып өтті.  «Мемлекет нормативтік актілерде осы институтта жария қызығушылықтың болуын көрсетіп, солай болғанның өзінде отбасының  дербестігін, тәуелсіздігін қорғауы тиіс», – деді профессор.

Өз кезегінде психолог Қайрат Нұрмағанбетов бақытты отбасының негізгі белгілерін атап өтті. Психологтың айтуынша, жас жұптар отбасылық өмірді бастамас бұрын отбасылық өмір сүрудің жағдайын талқылап, өзара тиімді келісім жасауы қажет.

Кездесуді қорытындылай келе, сарапшылар біздің заманымыздың болмысына сай туындауы мүмкін мәселелерді белгілеп, отбасылық жанжалдардан дұрыс шығуға мүмкіндік беретін  жолдарды түсіндірді.

         Кездесу соңында «Ажырасу кезінде туындайтын проблемалық мәселелер» атты деректі фильм көрсетілді.

 

Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

  1. аватар
    Romaine 23 июля 2023 16:45

    hello there and thank you for your information – I've definitely picked up anything new from right here.
    I did however expertise several technical points
    using this website, as I experienced to reload the website a lot of times previous to I could get it to load properly.
    I had been wondering if your hosting is OK?
    Not that I'm complaining, but sluggish loading instances times
    will often affect your placement in google and could damage
    your quality score if ads and marketing with Adwords.
    Anyway I'm adding this RSS to my e-mail and could look out
    for a lot more of your respective exciting content. Make sure you update this again soon.

    my page: comprar cetirizine 5 mg en España

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив