Оралдың ЖОО-да студенттік медиация кабинеттері ашылды

Оралдың ЖОО-да студенттік медиация кабинеттері ашылды

 

         Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ақан Жұмағұлов Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде және Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетіндегі медиация кабинеттерінің ашылу салтанатына қатысты.

Ашылу рәсіміне БҚО медиаторлар одағының төрайымы Алуа Ракишева және ЖОО-ның басшылығы проректор Әсет Тасмағамбетов пен ректор Әліби Баяховтардың қатысуларымен  өтті.

         ЖОО-да медиация кабинеттерін ашу «Татуласу сотқа дейін, сотта» атты бағдарлама аясында облыстық сот басшылығының бастамасымен жүзеге асырылды.

         Орталықтың мақсаты - жастар арасындағы шиеленісті азайту, оларға дауды шешудің оңтайлы тәсілдеріне бағыттап отыру. Кабинеттің жалпы жағдайы тараптарды психологиялық тұрғыдағы сабырлыққа шақырады.

         "Татуласу кабинеттері негізінен студенттік қауымдастыққа бағытталған, себебі жастар арасындағы қақтығыстар жиі және қиын шешілуі мүмкін. Бұл жерде студенттерге тегін заң көмегі, медиативтік процедуралар мен қажетті нормативтік-құқықтық әдебиеттер ұсынылады" - деп атап өтті Ақан Жұмағұлов.

       Алуа Ракишева, медиация орталықтарын ашу уақыт талабы екенін айтты. Студенттер арасында, сондай-ақ ұжым мүшелерінің арасында жанжалдар тумай тұрмайтындықтан, оқыту мекемелерінде де медиация кабинетін ашу қажеттілігі туындап отыр. Осы орайда медиация кабинетінің жанжалдарды шешудің дұрыс жолы болып табылатынын айтты. Бұл жерде медиаторлар өзара тиімді шешімге қол жеткізу үшін тараптармен келіссөз жүргізетін болады.       

Өз кезегінде ЖОО-ның басшылығы сот қауымдастығына кабинеттерді ашу кезінде практикалық көмек көрсетуде алғысын білдіріп, реформаларды жүзеге асыру кезінде одан әрі көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.      

        

        

Нұргүл Қанатбаева

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің басшысы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив