Бір миллион теңгеден астам қарызды өндіру туралы  дау бітіммен реттелді

Бір миллион теңгеден астам қарызды өндіру туралы дау бітіммен реттелді

 

Әйтеке би аудандық сотына 1 305 026 теңге өндіру туралы талап қою арызы түсті.

         Істі қарау барысында сотпен тараптарға дауды татуласу келісімімен аяқтаудың тиімділігі түсіндіріліп, тараптар бітімгершілікке келіп, жазбаша келісімдерін сотқа ұсынып, бекітуді сұраған.

          Бітімгершілік келісімінде, жауапкер 1 305 026 теңгені және өкілге төлеген 80 000 теңгені бөліп-бөліп 2020 жылдың 20 сәуріне дейін талап қоюшының есеп шотына аудару арқылы толық беретінін міндеттеніп, ал талап қоюшы талабынан бас тартатындығын көрсеткен.

Сотпен бітімгершілік келісім бекітіліп, азаматтық іс жүргізу тоқтатылып, 14 774 теңге төленген мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.

Татуласу келісімімен дауды аяқтаудың тиімділігі, бұл уақытты үнемдеу, артық шығындарға жол бермеу,  дау бойынша қысқа уақытта өзара қолайлы бір шешімге келу, шешімін табу болып табылады.

 

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотының

кеңсе меңгерушісі Б.Сарсенбаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив